О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 23 января 2008 года № 523 и признании утратившими силу некоторых указов Президента Республики Казахстан Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.07.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында жариялануға тиіс ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 3, 36-құжат; № 38, 405-құжат; № 43, 481-құжат; 2009 ж., № 27-28, 234-құжат; № 33, 309-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсын өткізудің ережелерінде: 1-тармақтың үшінші бөлігіндегі «Меншіктің барлық нысандарындағы ұйымдар» деген сөздер «Жеке кәсіпкерлік субъектілері» деген сөздермен ауыстырылсын; 4-тармақта «қорғау министрлігі,» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі,» деген сөздермен толықтырылсын; 10-тармақта: бірінші абзацтағы «белгіленген нысандағы өтінімді және үш данада материалдарды» деген сөздер «материалдарды бір данада» деген сөздермен ауыстырылсын; 1) тармақшадағы «сауалнама» деген сөз «өтінім» деген сөзбен ауыстырылсын; 3) тармақшадағы «(диаграммалар, сызбалар, кестелер, құжаттардың көшірмелері және тағы басқалар» деген сөздер «(ұжымдық шарттың көшірмесі және өзге де құжаттар)» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) тармақшадағы «болуы тиіс» деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын: «4) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі белгілеген және оның интернет-ресурсында орналастырылған нысанда толтырылған сауалнама болуы тиіс»; 13-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын: «4) «Экологияға қосқан үлесі үшін». Бұл номинацияда қоршаған орта жағдайын жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын іске асыруда ерекше көзге түскен үміткерлердің қызметі қаралады.»; мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын: «13-1. Гран-при - конкурстың жоғары наградасы жұмыста және корпоративтік әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік қағидаттарын іске асыруда анағұрлым жоғары нәтижелерге қол жеткізген үміткерге беріледі.»; жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсын өткізудің ережелеріне қосымша осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; жоғарыда аталған Жарлықпен құрылған Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсының лауреаттары атақтарын беру жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін: Әшімов                 - Қазақстан Республикасының Қоршаған Нұрғали Сәдуақасұлы      ортаны қорғау министрі, Құл-Мұхаммед           - Қазақстан Республикасының Мәдениет Мұхтар Абрарұлы          министрі; мына: «Мыңбаев Сауат         - Қазақстан Республикасының Энергетика Мұхаметбайұлы            және минералды ресурстар министрі Исекешев               - Қазақстан Республикасының Индустрия Әсет Өрентайұлы          және сауда министрі» деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын: «Мыңбаев Сауат         - Қазақстан Республикасының Мұнай және Мұхаметбайұлы            газ министрі», «Исекешев              - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Әсет Өрентайұлы          орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі»;
Тармақ 2
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) «Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушілік қызметі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет дипломын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 31 шілдедегі № 423 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 30, 367-құжат; 2007 ж., № 21, 233-құжат);
Тармақша 2
2) «Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 31 шілдедегі № 423 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 маусымдағы № 349 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 21, 233-құжат).
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
Тармақ 4
4. Осы Жарлық 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін 1-тармақтың төртінші, он бірінші, он екінші, он үшінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсына қатысушының өтінімі Тіркеу нөмірі ____________
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 16 шілдедегі № 1029 Жарлығына ҚОСЫМША Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Жарлығымен бекітілген Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсын өткізу ережелеріне қосымша Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсына қатысушының өтінімі Тіркеу нөмірі ____________ 1. Заңды (жеке) тұлғаның атауы ______________________________________ Тіркеу орны бойынша мекенжайы ____________________________________ Орналасу орны бойынша мекенжайы _________________________________ 2. Ұйымның басшысы _______________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты) 3. Байланыс телефондары (телефондары, электрондық пошта мекенжайы және факс нөмірі) __________________________________________________ 4. Құжаттар ұсынылған номинация (астын сызыңыз): Жылдың үздік әлеуметтік жобасы; Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын; Үздік ұжымдық шарт; Экологияға қосқан үлесі үшін. 5. Ірі, орта, шағын кәсіпкерлік субъектісі (астын сызыңыз) 6. Сала ______________________________________________________ 7. Қызметкерлерінің саны ______________________________________ 8. Заңды (жеке) тұлғаның қызметі туралы қысқаша сипаттама (немен айналысады) _________________________________________________ 9. Заңды (жеке) тұлғаның алған наградалары _____________________ 10. Өтінімге сауалнама тіркелген және қосымша _______ парақта 11. Ұсынған материалдар мен көрсеткіштер дұрыс Қолы Мөрі Күні