О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 января 2008 года № 58 Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Білім беру грантын беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж, № 2, 24-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Білім беру грантын беру ережесінде: 5-5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5-5. Конкурсқа қатысу үшін кемінде 50, ал «Жалпы медицина» медицина мамандығы бойынша кемінде 55 балл жинау қажет, оның ішінде бейіндік пән бойынша кемінде 7 балл (әрбір шығармашылық емтихан бойынша кемінде 10), ал қалған пәндерден - кемінде 4 балл».
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.