О внесении изменений в постановление акимата от 23 июня 2009 года № 233 «Об установлении водоохранных зон и полос реки Тобол, Амангельдинского водохранилища и реки Тогузак на участках под строительство объектов и режима их хозяйственного использования» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.08.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әкімдіктің 2009 жылғы 23 маусымдағы № 233 «Объектілердің құрылысына арналған телімдерде Тобыл өзенінің, Амангелді су бөгенінің және Тоғұзақ өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеуілерін және оларды шаруақорлықпен пайдалану тәртібін белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 39-бабына сәйкес, қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қостанай облысы әкімдігінің 2009 жылғы 23 маусымдағы № 233 «Объектілердің құрылысына арналған телімдерде Тобыл өзенінің, Амангелді су бөгенінің және Тоғұзақ өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеуілерін және оларды шаруақорлықпен пайдалану тәртібін белгілеу туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3684 болып тіркелген, 2009 жылғы 21 шілдеде «Қостанай таңы» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Объектілердің құрылысына арналған телімдерде Тобыл өзенінің, Амангелді су қоймасының және Тоғұзақ өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін, оларды шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы»; преамбуласы мынадай редакцияда жазылсын: «2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 39, 116, 125-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»; көрсетілген қаулының 1-қосымшасында: жолы, реттік нөмірі 3, мынадай редакцияда жазылсын: « 3 Тобыл өзені Қостанай қаласы, Амангелді тұрғын үй алабы, Энергетиктер көшесі мекенжайы бойынша орналасқан тұрғын үй (М.М. Москвин) 40 1,12 250-310 »; жолы, реттік нөмірі 11, мынадай редакцияда жазылсын: « 11 Тобыл өзені Қостанай қаласы, Амангелді тұрғын үй алабы, Энергетиктер көшесі 6 және 7 мекенжайы бойынша орналасқан екі тұрғын үй (И.Н. Мыткин Д.В. Сомусев) 70,8 4,26 601,4 »; жолы, реттік нөмірі 14, мынадай редакцияда жазылсын: « 14 Амангелді су қоймасы Қостанай қаласы, Амангелді тұрғын үй алабы, Рудненский көшесі мекенжайы бойынша орналасқан өндірістік және әкімшілік - шаруашылық ғимараттарды қайта жаңғыртуға бөлінген жер телімі шегінде (Т.Т. Өмірбаев) 160 13,13 825-945 »; жолы, реттік нөмірі 15, мынадай редакцияда жазылсын: « 15 Амангелді су қоймасы Қостанай қаласы, Амангелді тұрғын үй алабы, Мир көшесі мекенжайы бойынша орналасқан жеке тұрғын үй құрылысына арналған № 1 телім (А.Н. Соловьева) 30 2,5 832 »; жолы, реттік нөмірі 16, мынадай редакцияда жазылсын: « 16 Тоғұзақ өзені Қарабалық ауданы Надеждинка ауылы аумағында орналасқан құрылыс тасы кен орнын әзірлеу («Қостанайщебень» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) 435 35,1 807,5 »; 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Қостанай қаласы, Қостанай, Денисов және Қарабалық аудандарының аумағындағы объектілердің құрылысына арналған телімдерде Тобыл өзенінің, Амангелді су қоймасының және Тоғұзақ өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайлары 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.»; көрсетілген қаулының 2-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттiк мекемесінің басшысы ________________ Г. Оспанбекова «КЕЛІСІЛДІ» «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулықты қорғау комитетінің Қостанай облысының қоғамдық денсаулықты қорғау департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы _______________О. Бекмағамбетов
Басқа 4
Әкімдіктің 2017 жылғы 4 шілдедегі № 332 қаулысына 2-қосымша Әкімдіктің 2009 жылғы 23 маусымдағы № 233 қаулысына 2-қосымша Қостанай қаласы, Қостанай, Денисов және Қарабалық аудандарының аумағындағы объектілердің құрылысына арналған телімдерде Тобыл өзенінің, Амангелді су қоймасының және Тоғұзақ өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайлары
Тармақ 1
1. Су қорғау белдеулерінің шегінде мыналарға жол берілмейді:
Тармақша 1
1) су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық қызметіне немесе өзге де қызметке;
Тармақша 2
2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылыстар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылыстарын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көлік инфрақұрылымдары объектілерін, жаңартылатын энергия көздерін (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, ғимараттар мен құрылыстарды салуға және пайдалануға;
Тармақша 3
3) бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерін беруге;
Тармақша 4
4) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қазіргі бар объектілерді пайдалануға;
Тармақша 5
5) жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндіруге);
Тармақша 6
6) шатыр қалашықтарын, көлік құралдары үшін тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;
Тармақша 7
7) тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолдануға тыйым салынады.
Тармақ 2
2. Су қорғау аймақтарының шегінде мыналарға жол берілмейді:
Тармақша 1
1) су объектілерін және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;
Тармақша 2
2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектілерге реконструкция жүргізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кәбіл, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеуге, белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, уәкілетті органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен, энергиямен жабдықтау және халықтың санитарлық- эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органдармен және басқа да мүдделі органдармен келісілген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге;
Тармақша 3
3) тыңайтқыштар, пестицидтер, улы химикаттар мен мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пункттерін, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын төгетін құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен және улы химикаттармен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;
Тармақша 4
4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға;
Тармақша 5
5) жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;
Тармақша 6
6) су көздеріндегі су кемерінен екі мың метрге жетпейтін қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерін улы химикаттармен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілін қолдануға;
Тармақша 7
7) концентрациясының жол берілетін шегі белгіленбеген пестицидтерді қолдануға, қардың үстіне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық улы химикаттарды тыңайтқыш ретінде пайдалануға тыйым салынады. Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған жағдайда уыттылығы әлсіз және орташа тұрақсыз пестицидтерді қолдануға жол беріледі.