О внесении изменений в приказ Министра экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан от 23 февраля 2009 года № 24 «Об утверждении Методики определения стоимости объекта концессии и суммарной стоимости государственной поддержки деятельности концессионеров и источников возмещения затрат» и приказ исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 25 ноября 2015 года № 725 «О некоторых вопросах планирования и реализации проектов государственно-частного партн Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Концессия объектісінің құнын және концессионерлер қызметін мемлекеттік қолдаудың жиынтық құнын және шығындардың орнын толтыру көздерін айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2009 жылғы 23 ақпандағы № 24 бұйрығына және «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Концессия объектісінің құнын және концессионерлер қызметін мемлекеттік қолдаудың жиынтық құнын және шығындардың орнын толтыру көздерін айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2009 жылғы 23 ақпандағы № 24 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5604 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:». Концессия объектісінің құнын және концессионерлер қызметін мемлекеттік қолдаудың жиынтық құнын және шығындардың орнын толтыру көздерін айқындау әдістемесінде: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Концессия объектісінің құнын және концессионерлер қызметін мемлекеттік қолдаудың жиынтық құнын және шығындардың орнын толтыру көздерін айқындау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленген.»; 10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «10. Концессия объектісін мемлекет меншігіне беру кезеңінде концессия объектісінің құны «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Бағалау қызметі туралы заң) сәйкес айқындалады.»; 23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «23. Мемлекеттік емес қарыздар бойынша мемлекет кепілдігінің құны мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген қарыз бойынша негізгі қарыз сомасы және ол бойынша есептеудің 1 кезеңіне және 1 айға немесе шарт талаптарына сәйкес кезеңге есептелген концессия кезеңіне болжанатын неғұрлым жоғары пайыздық мөлшерлеме бойынша сыйақы ретінде есептеледі: Г = D*(1 + r/p + r/12) (4), мұнда: Г – мемлекеттік кепілдіктер құны; D – мемлекет кепілдік беретін қарыз бойынша негізгі қарыз сомасы; r – қарыз алу туралы шарт талаптарына немесе конкурстық өтінімге сәйкес мемлекет кепілдік беретін қарыз бойынша концессия кезеңіне болжанатын неғұрлым жоғары жылдық сыйақы мөлшерлемесі. Конкурстық құжаттаманы әзірлеу кезеңінде LIBOR+(қосу) 1% (шетел валютасындағы қарыздар үшін), «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес белгіленген базалық мөлшерлеменің пайыздық дәлізінің жоғарғы шегі + 1% (ұлттық валютадағы қарыздар үшін) мөлшерлемесі ретінде айқындалады; p - күнтізбелік жылдағы мемлекет кепілдік беретін қарыз бойынша сыйақыны есептеу кезеңдерінің саны.».
Тармақ 4
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Инвестициялық саясат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі