О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 ноября 2011 года № 1373 "Об утверждении минимальных ставок вознаграждения исполнителям и производителям фонограмм" Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.06.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Орындаушыларға және фонограммалар шығарушыларға берілетін сыйақының ең төменгі ставкаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 қарашадағы № 1373 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Орындаушыларға және фонограммалар шығарушыларға берілетін сыйақының ең төменгі ставкаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 қарашадағы № 1373 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 3, 68-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген орындаушыларға және фонограммалар шығарушыларға берілетін сыйақының ең төменгі ставкаларында: 9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: « 9. Қо­на­қүй­лер, са­на­то­рий­лер, де­ма­лыс үй­ле­рі және пан­си­о­нат­тар (ай­ы­на көп­ші­лік ал­дын­да орын­дау, көр­се­ту, ха­бар­лау және жал­пы жұрт­тың на­за­ры­на жет­кі­зу үшін қол­да­ны­ла­тын тех­ни­ка­лық құ­рал­дың бір­лі­гі үшін) 0,2 АЕК »; Ескертпе мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын: «8. 9-тармақта көзделген сыйақының ай сайын төленетін мөлшері техникалық құралдар санын онда көрсетілген сыйақы ставкасына көбейту нәтижесінде алынған сыйақының он екіден бір бөлігін құрайды.».
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.