О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 ноября 2012 года № 1483 «Об утверждении Правил представления государственными органами Республики Казахстан сведений из собственных информационных систем и ресурсов по запросу уполномоченного органа по финансовому мониторингу» Күшін жойған
Басқа 0
«Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның сұратуы бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өздерінің ақпараттық жүйелерінен және ресурстарынан мәліметтер беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1483 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның сұратуы бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өздерінің ақпараттық жүйелерінен және ресурстарынан мәліметтер беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1483 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның сұратуы бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өздерінің ақпараттық жүйелерінен және ресурстарынан мәліметтер беру қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның сұратуы бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өздерінің ақпараттық жүйелерінен және ресурстарынан мәліметтер беру қағидалары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы « » № қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 23 қарашадағы
№ 1483 қаулысымен
бекітілген
Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның сұратуы бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өздерінің ақпараттық жүйелерінен және ресурстарынан мәліметтер беру қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның сұратуы бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өздерінің ақпараттық жүйелерінен және ресурстарынан мәліметтер беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 18-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өздерінің ақпараттық жүйелерінен және ресурстарынан мәліметтерді Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігіне (бұдан әрі – Агенттік) беру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) автоматтандырылған жұмыс орны (бұдан әрі – АЖО) – ақпаратты жасауды, жинауды, өңдеуді, жинақтауды, сақтауды, іздестіруді, таратуды және тұтынуды қамтамасыз ететін аппараттық-бағдарламалық кешен;
Тармақша 2
2) ақпараттық жүйе – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;
Тармақша 3
3) электрондық ақпараттық ресурстар – электрондық жеткізгіште және ақпараттандыру объектілерінде қамтылған электрондық-цифрлық нысандағы ақпарат;
Тармақша 4
4) ақпараттық өзара іс-қимыл жасауға қатысушылар – Агенттік және осы Қағидаларға сәйкес Агенттікке өзінің ақпараттық жүйелерінен және ресурстарынан мәліметтер беретін тиісті Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы;
Тармақша 5
5) Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлiк ортасы (бұдан әрі – МО БКО) – «электрондық үкiмет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымына кіретін және ақпараттық қауіпсіздіктің талап етілетін деңгейін сақтай отырып, мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, сондай-ақ уәкілетті орган айқындаған өзге де ақпараттандыру субъектілерінің жергілікті (Интернетке қолжетімділігі бар жергілікті желілерді қоспағанда), ведомстволық және корпоративтік телекоммуникациялар желілерінің өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз етуге арналған телекоммуникациялар желісі;
Тармақша 6
6) МО АЖмР – Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ақпараттық жүйелері мен ресурстары.
Тарау 2. 2. Ақпараттық жүйелерден және ресурстардан мәліметтер беру тәртібі
2. Ақпараттық жүйелерден және ресурстардан мәліметтер беру тәртібі
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары өздерінің МО АЖмР-дан мәліметтерді Агенттікке мынадай тәсілдермен:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес МО БКО арқылы МО АЖмР деректер қорына Агенттіктің ақпараттық жүйелерін интеграциялау жолымен;
Тармақша 2
2) осы Қағидалардың 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тәсілмен мәліметтер беру мүмкін болмаған жағдайда, АЖО-ға рұқсат беру арқылы;
Тармақша 3
3) осы Қағидалардың 3-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген тәсілмен мәліметтер беру мүмкін болмаған жағдайда, сұрау салу және жауап беру режимінде МО БКО арқылы МО АЖмР деректер қорына рұқсат беру жолымен;
Тармақша 4
4) осы Қағидалардың 3-тармағының 1) – 3) тармақшаларында көрсетілген тәсілмен мәліметтер беру мүмкін болмаған жағдайда, Агенттіктің ақпараттық ресурстарына мәліметтер алу арқылы;
Тармақша 5
5) осы Қағидалардың 3-тармағының 1) – 4) тармақшаларында көрсетілген тәсілдермен мәліметтер беру мүмкін болмаған жағдайда, қағаз жеткізгіште береді.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары қол жеткізу шектелген ақпараттық ресурстардан мәліметтерді Агенттікке Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, осы Қағидалардың 3-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген тәсілмен береді.
Тармақ 5
5. Ақпараттық жүйелерден және ресурстардан берілетін мәліметтерді және оларды беру мерзімін ақпараттық өзара іс-қимылға қатысушылар бірлесіп бекітілетін актіге сәйкес айқындайды.
Тармақ 6
6. Ақпараттық өзара іс-қимылға қатысушылар осы Қағидалардың шеңберінде алынған ақпараттың құпиялылығын сақтайды және өз қызметінің процесінде алынған қызметтік, коммерциялық, банктік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты сақтаудың, қорғаудың және оның сақталуының режимін қамтамасыз етеді.