О внесении изменения в постановление акимата от 23 февраля 2012 года № 397 "Об организации оплачиваемых общественных работ в 2012 году" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.10.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әкімдіктің 2012 жылғы 23 ақпандағы № 397 "2012 жылы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7, 20-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес, Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "2012 жылы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" әкімдіктің 2012 жылғы 23 ақпандағы № 397 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-1-184 нөмірімен тіркелген, 2012 жылғы 27 наурызда "Костанай" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: әкімдіктің көрсетілген қаулысымен бекітілген, 2012 жылы жұмыссыздар үшін ұйымдастырылатын ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайларында: реттік нөмірі 10-жолы жаңа редакцияда жазылсын: " 10 "Тазалық- 2012" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Алдын ала кәсіби даярлығын талап етпейтін қала аумағын абаттандыруға көмек 31680 Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген шектеулерді ескере отырып, екі демалыс күні, бір сағаттан кем емес түскі ас үзілісі бар қоғамдық жұмыстардың бір қатысушысының жұмыс аптасының ұзақтығы - аптасына қырық сағаттан аспайды ".
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылдың 1 тамызынан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімі аппаратының басшысы Р. Х. Каркеновқа жүктелсін. КЕЛІСІЛГЕН: "Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы ________ В. Константинов