О внесении изменения в решение маслихата района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области от 23 декабря 2013 года № 21-23 «Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Каракогинского сельского округа района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.02.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2013 жылғы 23 желтоқсандағы № 21-23 «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Қарақоға ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысымен бекітілген Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 21 маусымдағы № 171 және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 21 маусымдағы № 34/5 «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» бірлескен қаулысы мен шешіміне сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Қарақоға ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2013 жылғы 23 желтоқсандағы № 21-23 шешіміне (2014 жылғы 7 ақпанда «Мағжан жұлдызы» және «Вести» аудандық газеттерінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2525 болып тіркелді) келесі өзгеріс енгізілсін: көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Қарақоға ауылдық округі ауылдары тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының мәслихаты 2020 жылғы 18 ақпаны № 36-9 шешіміне қосымша Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2013 жылғы 23 желтоқсандағы № 21-23 шешіміне қосымша Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Қарақоға ауылдық округі ауылдары тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы Елді мекен атауы Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Қарақоға ауылдық округі ауылдары тұрғындары өкілдерінің саны (адам) Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Қарақоға ауылының тұрғындары үшін 118 Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Образец ауылданың тұрғындары үшін 20 Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Чистое ауылының тұрғындары үшін 14