О внесении изменения в решение маслихата района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области от 23 декабря 2013 года № 21-24 «Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Конюховского сельского округа района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области» Күшін жойған
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2013 жылғы 23 желтоқсандағы № 21-24 «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Конюхов ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысымен бекітілген Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 21 маусымдағы № 173 және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 21 маусымдағы № 34/7 «Солтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» бірлескен қаулысы мен шешіміне сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Конюхов ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2013 жылғы 23 желтоқсандағы № 21-24 шешіміне (2014 жылғы 7 ақпанда «Мағжан жұлдызы» және «Вести» аудандық газеттерінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2536 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімінің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Конюхов ауылдық округі ауылдары тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Солтүстік Қазақстан облысы
Мағжан Жұмабаев
ауданының мәслихаты
2020 жылғы 18 ақпаны № 36-10
шешіміне қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы
Мағжан Жұмабаев
ауданы мәслихатының
2013 жылғы 23 желтоқсандағы № 21-24
шешіміне қосымша
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Конюхов ауылдық округі ауылдары тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Елді мекеннің атауы
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Конюхов ауылдық округі ауылдары тұрғындары өкілдерінің саны
(адам)
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Конюхов ауылының тұрғындары үшін
32
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Камышлово ауылының тұрғындары үшін
3
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Куломзино ауылының тұрғындары үшін
9