О внесении изменений в решение маслихата района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области от 23 декабря 2013 года № 21-26 «Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Молодежного сельского округа района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.02.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2013 жылғы 23 желтоқсандағы № 21-26 «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Молодежный ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысымен бекітілген Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 18 маусымдағы № 171 және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 18 маусымдағы № 21/11 «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының Молодежное ауылдық округін және Молодежное ауылын қайта атау туралы» бірлескен қаулысы мен шешіміне сәйкес Мағжан Жұмабаев ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Молодежный ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2013 жылғы 23 желтоқсандағы № 21-26 шешіміне (2014 жылғы 7 ақпанда «Мағжан жұлдызы» және «Вести» аудандық газеттерінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2521 болып тіркелді) келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда баяндалсын: «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Мағжан ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы»; көрсетілген шешімнің барлық мәтіні бойынша және Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларында, сонымен қатар Қағидалардың тақырыбында «Молодежный ауылдық округі», «Молодежный ауылдық округінің» сөздері «Мағжан ауылдық округі», «Мағжан ауылдық округінің» сөздеріне ауыстырылсын; көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Мағжан ауылдық округі ауылдары тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының мәслихаты 2020 жылғы 18 ақпаны № 36-18 шешіміне қосымша Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2013 жылғы 23 желтоқсандағы № 21-26 шешіміне қосымша Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Мағжан ауылдық округі ауылдары тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы Елді мекеннің атауы Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Мағжан ауылдық округі ауылдары тұрғындары өкілдерінің саны (адам) Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Жастар ауылының тұрғындары үшін 22 Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Сарытомар ауылының тұрғындары үшін 15