Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата Кызылординской области от 23 октября 2013 года № 334 «Об установлении карантинной зоны с введением карантинного режима в Кызылординской области»

Қаулы · № 34 · қабылданған 20.05.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/23-2013-no-334-ekb-143045/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата Кызылординской области от 23 октября 2013 года № 334 «Об установлении карантинной зоны с введением карантинного режима в Кызылординской области» Қолданыста Қаулы ·№ 34 ·20.05.2020
20.05.2020 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.05.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата Кызылординской области от 23 октября 2013 года № 334 «Об установлении карантинной зоны с введением карантинного режима в Кызылординской области»

Қолданыста Қаулы ·№ 34 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата Кызылординской области от 23 октября 2013 года № 334 «Об установлении карантинной зоны с введением карантинного режима в Кызылординской области»
Атауы (қаз.)
«Қызылорда облысында карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2013 жылғы 23 қазандағы № 334 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
34
Қабылданған күні
20.05.2020
Көрсетілген редакция
20.05.2020 143045_462150.kaz
Соңғы өзгеріс
20.05.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20L0007446
ЭКБ идентификаторы
143045
Редакция идентификаторы
143045_462150
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 14:27

0 «Қызылорда облысында карантиндік режимді енгізе отырып,

карантинді аймақты белгілеу туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің
2013 жылғы 23 қазандағы № 334 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасының
1999 жылғы 11 ақпандағы Заңының 9-1-бабына, «Құқықтық актілер туралы»
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының
26-бабына және «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлiгi Агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция
комитетiнiң Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік
мекемесінің 2020 жылғы 26 ақпандағы № 03-03-174 ұсынысына сәйкес
Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Қызылорда облысында карантиндік режимді енгізе отырып,

карантинді аймақты белгілеу туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің
2013 жылғы 23 қазандағы № 334 қаулысына (нормативтік құқықтық
актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4539 нөмірімен тіркелген,
«Сыр бойы» және «Кызылординские вести» газеттерінде 2013 жылғы
23 қарашада жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулының тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
«Қызылорда облысының аумағында карантиндік режимді енгізе отырып,
карантиндік аймақты белгілеу туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қызылорда облысының аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақ белгіленсін.»;
аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес
жаңа редакцияда жазылсын.

2

2. «Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» және «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетiнiң Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясы» (келісім бойынша) мемлекеттік мекемелері заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Б.Д. Жахановқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік

он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлiгi
Агроөнеркәсiптiк кешендегi
мемлекеттiк инспекция
комитетiнiң Қызылорда облыстық
аумақтық инспекциясы»
мемлекеттік мекемесі

5 Қызылорда облысы әкімдігінің

2020 жылғы 20 мамыры
№ 34 қаулысына қосымша
Қызылорда облысы әкімдігінің
2013 жылғы «23» қазандағы
№ 334 қаулысына қосымша
Қызылорда облысының аумағында карантиндік режимді енгізе отырып белгіленген карантиндік аймақ

Аудандар мен қала атаулары
Барлық залалданған аумақ, гектар
Оның ішінде карантиндік объектілердің түрлері бойынша, гектар
жатаған (қызғылт) кекіре
арам сояулар
калифорниялық қалқаншалы сымыр
қауын шыбыны
1.
Арал ауданы
133,01
104,01
2
14
13
2.
Қазалы ауданы
304
74
10
10
210
3.
Қармақшы ауданы
232,5
60
22
10,5
140
4.
Жалағаш ауданы
313
74
57
20
162
5.
Сырдария ауданы
530
127
142
13
248
6.
Шиелі ауданы
905,8
140
100,8
5
660
7.
Жаңақорған ауданы
1004
104
385
5
510
8.
Қызылорда қаласы
75,5
23
2,5
18
32
Барлығы
3497,81
706,01
721,3
95,5
1975

Қолданыстағы