О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 сентября 2014 года № 1003 «Вопросы Министерства культуры и спорта Республики Казахстан» и признании утратившим силу распоряжения Премьер-Министра Республики Казахстан от 2 марта 1994 года № 85-р «О национальных штатных командах по видам спорта» Күшін жойған
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысына толықтыру енгізу және «Спорттағы ұлттық команда туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1994 жылғы 2 наурыздағы № 85-ө өкімінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі туралы ережеде:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 172-1) тармақшамен толықтырылсын:
«172-1) Қазақстан Республикасының штаттық құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық штаттық құрама командалардың) сандық құрамын бекітеді;».
Тармақ 2
2. «Спорттағы ұлттық команда туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1994 жылғы 2 наурыздағы № 85-ө өкімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.