О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 сентября 2014 года № 1003 «Вопросы Министерства культуры и спорта Республики Казахстан» Күшін жойған
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мыналардың атауы:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің «Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы» республикалық мемлекеттік мекемесі – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің «Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Нұр-Сұлтан» Олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Астана» олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағынан туындайтын шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі туралы ережеде:
15-тармақ:
мынадай мазмұндағы 24-1) және 24-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«24-1) арыз иелері көтеретін жүйелі проблемаларды талдайды және анықтайды;
24-2) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша ведомстволық статистикалық байқаулардың нысандарын әзірлейді және бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 64-1) және 64-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«64-1) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасындағы жəне шетелдегі мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар мен мәдени іс-шаралардың тақырыптық бағыттарын айқындау жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
64-2) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасындағы жəне шетелдегі мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар мен мәдени іс-шараларды өткізуді қаржыландыру қағидалары мен қаржыландыру нормативтерін әзірлейді және бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 72-1) тармақшамен толықтырылсын:
«72-1) өз құзыреті шегінде мәдениетаралық және этносаралық диалогты қамтамасыз етеді, қазақ халқының және этностық топтардың ұлттық мәдениетіне, салт-дәстүрлеріне деген құрметті нығайтады;»;
мынадай мазмұндағы 212-1) тармақшамен толықтырылсын:
«212-1) Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін балалар анимациялық фильмдері мен отбасымен көруге арналған фильмдерді қазақ тілінде дубляждау үшін іріктеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 214-1) тармақшамен толықтырылсын:
«214-1) Ұлттық кинокомиссия туралы ережені жəне оның құрамын бекітеді;»;
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің қарамағындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің тізбесінде:
реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«3. «Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы» республикалық мемлекеттік мекемесі.»;
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«9. «Астана» олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.».
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.