О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 октября 2014 года № 1131 «Об утверждении Правил оказания социально-правовой помощи лицам, состоящим на учете службы пробации» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қазандағы № 1131 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қазандағы № 1131 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 65, 600-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидаларында: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексін, «Пробация туралы» 2016 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында әзірленді және пробация қызметінің есебінде тұратын адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету тәртібін айқындайды.»; 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «3. Жергілікті атқарушы органдар, қоғамдық бірлестіктер және өзге де ұйымдар сотқа дейінгі, үкімдік, пенитенциарлық және пенитенциарлықтан кейінгі пробация қолданылатын адамдарға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пробация қызметі әзірлеген әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасына (бұдан әрі – жеке бағдарлама) және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пробация қызметі қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемесінің әкімшілігімен бірлесіп әзірлеген жеке бағдарламаға сәйкес әлеуметтік-құқықтық және өзге де көмек көрсетеді. 4. Әлеуметтік-құқықтық көмек алуға жәрдем көрсету сотқа дейінгі, үкімдік, пенитенциарлық және пенитенциарлықтан кейінгі пробация қолданылатын адамдарға қатысты жүзеге асырылады. Оларды есепке қою кезінде пробация қызметі: 1) денсаулық жағдайын анықтай отырып, адамның жеке басын, оның білім деңгейін және жұмыспен қамтылғандығын, тұрғылықты жерінің бар-жоғын зерделейді, сондай-ақ әлеуметтік-құқықтық көмектің көлемін айқындау үшін қажетті өзге де мәліметтерді анықтайды; 2) әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету тәртібін түсіндіреді.»; 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «7. Жеке бағдарламаның бір данасы: 1) шартты түрде сотталғанның бақылау ісіне; 2) бас бостандығын шектеуге сотталған адамның жеке ісіне; 3) бас бостандығынан айыру орындарынан шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның жинақтау ісіне; 4) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамға қатысты сот әкімшілік қадағалау белгілеген адамның жинақтау ісіне; 5) бас бостандығынан айыруға сотталған адамның жеке ісіне; 6) сотқа дейінгі пробацияға жататын адамның жинақтау ісіне; 7) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 73-бабына сәйкес бас бостандығынан айыру айыппұлға ауыстырылған адамның жинақтау ісіне; 8) сот тағайындаған бас бостандығынан айыру түріндегі жаза мерзімін өтеген адамның жинақтау ісіне қосылады. Жеке бағдарламаның екінші данасы пробация қызметінде есепте тұрған адамға қол қойылып беріледі.»; 10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «10. Пробация қызметінде есепте тұрған адам әлеуметтік-құқықтық көмек алудан бас тартқан жағдайда – пробация қызметінің қызметкері, ал пенитенциарлық пробацияға жататын адамға қатысты пробация қызметінің қызметкерлері қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемесінің қызметкерлерімен бірлесіп, қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша тиісті акті жасайды, ол іске қосылады.»; көрсетілген Қағидаларға қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын; осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 сәуірдегі № 176 қаулысына 1-қосымша Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидаларына 1-қосымша Нысан ____________________________________________________________________ (пробация қызметінің атауы) Әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасы Мен,___________________________________________________________ (пробация қызметінің бастығы (аға инспектор, инспектор) ________________________________________________________________ қызметкердің тегі, аты-жөні) _____________________________________________________________ тұратын (мекенжайы) ____________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты) денсаулық жағдайының, білім деңгейі мен жұмыспен қамтылуының, тұрғылықты жерінің бар-жоғының, сондай-ақ өзге де мәліметтердің (сотқа дейінгі, үкімдік немесе пенитенциарлықтан кейінгі пробацияға жататын адамдар) (қажетінің астын сызу) нәтижелері бойынша әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасын жасадым, ол мынадай әлеуметтік-құқықтық көмектің көрсетілуіне мұқтаж:
Тармақша 1
1) медициналық қызмет алуға (қажет болған жағдайда);
Тармақша 2
2) құқықтық көмекке (қажет болған жағдайда): пробация қызметінің есебінде тұрған адамның қаражаты болмаған жағдайда заңнама бойынша тиесілі әлеуметтік жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алуға, жұмысқа орналасуға, оқуға, медициналық көмек алуға құжаттар тапсыру үшін заңдық мәні бар құжаттарды ресімдеуге; әлеуметтік көмекке, әлеуметтік қамсыздандыруға заңнамада белгіленген құқықтар мен олардың бұзылуынан қорғау тәсілдері бойынша заңдық консультация беруге; өмірлік қиын жағдайдан шығу үшін жағдай жасайтын мәселелерді шешуге ықпал ететін заңнамада белгіленген жеңілдіктерді, жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді алуға жәрдемдесуге;
Тармақша 3
3) білім алуына көмек көрсетуге (қажет болған жағдайда);
Тармақша 4
4) кәсіпті меңгеруіне және жұмысқа орналастыруға (қажет болған жағдайда);
Тармақша 5
5) арнаулы әлеуметтік кызметтер көрсететін (жазасын өтеген адамның тұрғын үйі болмаған немесе одан айырылған жағдайда) уақытша тұру ұйымына орналастыруға;
Тармақша 6
6) өзге де көмек алуға (қажет болған жағдайда). Әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасын пробация қызметінің бастығы (аға инспектор, инспектор) жасады. __________________ ________________ _____________________ (атағы) (қолы) (тегі, аты-жөні) 20___ жылғы «___» ______________ М.О. Әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасымен таныстым және келісемін ___________________________ ________________ (адамның тегі және аты-жөні) (қолы) 20___ жылғы «___» _____________
Басқа 2
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 сәуірдегі № 176 қаулысына 2-қосымша Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидаларына 2-қосымша Нысан ____________________________________________________________________ (мекеменің атауы) Әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасы Біз, төменде қол қоюшылар: __________________________________________ (пробация қызметінің бастығы (аға инспектор, инспектор) _____________________________________________________________________ қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемесінің сотталғандарды еңбекке және тұрмыстық орналастыру жөнiндегi қызметкерімен бірлесіп) түзеу мекемесінен босағаннан кейін _________________________________ _____________________________________________________________ тұратын (мекенжайы) ____________________________________________________________________ ( адамның тегі және аты-жөні) денсаулық жағдайының, білім деңгейі мен жұмыспен қамтылуының, тұрғылықты жерінің бар-жоғының, сондай-ақ өзге де мәліметтердің (пенитенциарлық пробацияға жататын адамдар) нәтижелері бойынша әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасын жасадық, ол мынадай әлеуметтік-құқықтық көмектің көрсетілуіне мұқтаж:
Тармақша 1
1) медициналық қызмет алуға (қажет болған жағдайда);
Тармақша 2
2) құқықтық көмекке (қажет болған жағдайда): пробация қызметінің есебінде тұрған адамның қаражаты болмаған жағдайда заңнама бойынша тиесілі әлеуметтік жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алуға, жұмысқа орналасуға, оқуға, медициналық көмек алуға құжаттар тапсыру үшін заңдық мәні бар құжаттарды ресімдеуге; әлеуметтік көмекке, әлеуметтік қамсыздандыруға заңнамада белгіленген құқықтар мен олардың бұзылуынан қорғау тәсілдері бойынша заңдық консультация беруге; өмірлік қиын жағдайдан шығу үшін жағдай жасайтын мәселелерді шешуге ықпал ететін заңнамада белгіленген жеңілдіктерді, жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді алуға жәрдемдесуге;
Тармақша 3
3) білім алуына көмек көрсетуге (қажет болған жағдайда);
Тармақша 4
4) кәсіпті меңгеруіне және жұмысқа орналастыруға (қажет болған жағдайда);
Тармақша 5
5) арнаулы әлеуметтік кызметтер көрсететін (егер жазасын өтеген адамның тұрғын үйі болмаған немесе одан айырылған жағдайда) уақытша тұру ұйымына орналастыруға;
Тармақша 6
6) өзге де көмек алуға (қажет болған жағдайда). Әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасын пробация қызметінің бастығы (аға инспектор, инспектор) мекеменің сотталғандарды еңбекке және тұрмыстық орналастыру жөнiндегi қызметкерімен бірлесіп жасады. _____________ ________________ _____________________ (атағы) (қолы) (тегі, аты-жөні) _____________ ________________ _____________________ (атағы) (қолы) (тегі, аты-жөні) 20___ жылғы «___» ______________ М.О. Әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасымен таныстым және келісемін _____________________________________ ________________ (адамның тегі және аты-жөні) (қолы) 20___ жылғы «___» _____________