О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 23 декабря 2014 года № 160 «Об утверждении Правил ведения государственного земельного кадастра в Республике Казахстан» Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.05.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 160 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 160 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10147 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: 2-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын жүргізудің қағидаларында: 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Жер кодексінің 152-бабының 7-тармағына сәйкес Кадастрдың деректерін есепке алу мен оларды сақтау бірлігі тұйық шекарада бөліп шығарылған, белгіленген тәртіппен жер құқығы қатынастарының субъектілеріне бекітілген жер учаскесі болып табылады.»; 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «6. Мемлекеттік жер кадастрының мәліметтерін қалыптастыру топографиялық-геодезиялық, аэроғарыштық, картографиялық, жерге орналастыру жұмыстарын, топырақ зерттеу, геоботаникалық зерттеулер мен іздестірулер, жер мониторингі бойынша жұмыстарды, жерді сандық және сапалық есепке алуды жүргізумен, нақты жер учаскесіне жер-кадастр ісін жасаумен, жер-кадастр карталары мен жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты дайындаумен қамтамасыз етіледі.»; 22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «22. Кадастр қағаз тасығышта, сондай-ақ ақпараттарды жинаудың, өңдеудің және сақтаудың цифрлық жүйелерін пайдалана отырып жүргізіледі.»; 23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «23. Кадастрдың автоматтандырылған цифрлық жүйелері мамандандырылған бағдарламалық-техникалық кешендердің базасында құрылады.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың сегізінші және оныншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі