О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 23 декабря 2014 года № 164 «Об утверждении Правил формирования, сбора, хранения, использования и выдачи документов Национального картографо-геодезического фонда Республики Казахстан» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.03.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының құжаттарын қалыптастыру, жинау, сақтау, пайдалану және беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 164 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының құжаттарын қалыптастыру, жинау, сақтау, пайдалану және беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 164 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10137 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының құжаттарын қалыптастыру, жинау, сақтау, пайдалану және беру қағидаларында: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының құжаттарын қалыптастыру, жинау, сақтау, пайдалану және беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Геодезия және картография туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 12-бабының 5-тармағына, «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 2) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының (бұдан әрі – Қор) құжаттарын қалыптастыру, жинау, сақтау, пайдалану және беру тәртібін айқындайды. Осы Қағидаларға мемлекеттік қызмет көрсету бөлігінде өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде геодезия және картография саласындағы уәкілетті орган Қорға, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және Бірыңғай байланыс орталығына енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді көздейтін бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде хабарлайды.»; 11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «11. Геодезиялық және картографиялық қызмет субъектiлерiне жоспарланып отырған жұмыс учаскелерiнде жергiлiктi жерлердiң геодезиялық және картографиялық жағынан зерделенгендiгi туралы тиiстi мәлiметтерді беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтиды.»; 21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «21. Көрсетілетін қызметті алушы төлем құжатын ұсынғаннан кейін көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері осы Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген мерзімдерде Қорға мәліметтерді беру туралы хабарлама жолдайды. Хабарлама алған сәттен бастап Қор он бір жұмыс күні ішінде мәліметтерді жинақтауға, жасауға кіріседі және қорытындысы бойынша: «қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар материалдар мен геодезиялық деректерді алуға жүгінген кезде «қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар жоспарланған жұмыс учаскелеріндегі жергілікті жердің геодезиялық және картографиялық зерттелгендігі туралы мәліметтер (бұдан әрі – мәліметтер); «құпия» белгісі бар материалдар мен геодезиялық деректерді алуға жүгінген кезде «құпия» белгісі бар мәліметтер; ашық пайдаланылатын материалдар мен геодезиялық деректерді алуға жүгінген кезде мәліметтер беруді қалыптастырады. Қор мәліметтерді қалыптастырғаннан кейін көрсетілетін қызметті берушіге мәліметтердің дайындығы туралы хабарлама жолдайды. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері Қордан мәліметтердің дайындығы туралы хабарлама алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға сұратылған мәліметтердің дайындығы және алу орны туралы хабарлама жолдайды. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде, мәліметтердің дайындығы және алу орны туралы хабарлама көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолданады. Көрсетілетін қызметті алушыға дайын мәліметтерді беру жеке куәлігін не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты және (немесе) өкілдің өкілеттігін растайтын сенімхатты ұсыну бойынша көрсетілетін қызметті беруші Қор арқылы жүзеге асырады.»; 22-тармақ алып тасталсын; 2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі № 332/НҚ Бұйрыққа қосымша Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық геодезиялық қорының құжаттарын қалыптастыру, жинау, сақтау, пайдалану және беру қағидаларына 2-қосымша Нысан Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі 1 Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің ата­уы «Гео­де­зи­я­лық және кар­то­гра­фи­я­лық қыз­мет субъ­ек­ті­ле­ріне жұ­мыс жос­пар­лан­ған учас­ке­ле­рін­де­гі жер­гі­лік­ті жер­лер­дің гео­де­зи­я­лық және кар­то­гра­фи­я­лық зерт­тел­ген­ді­гі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер бе­ру» Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің кі­ші тү­рі­нің ата­уы: 1. «Қыз­мет ба­бын­да пай­да­ла­ну үшін» де­ген бел­гі­сі бар ма­те­ри­ал­дар мен гео­де­зи­я­лық де­ректер­ді алу; 2. «Құ­пия» гри­фі бар ма­те­ри­ал­дар мен гео­де­зи­я­лық де­ректер­ді алу; 3. Ашық пай­да­ла­ны­ла­тын ма­те­ри­ал­дар мен гео­де­зи­я­лық де­ректер­ді алу. 2 Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Цифр­лық да­му, ин­но­ва­ци­я­лар және аэро­ға­рыш өнер­к­ә­сі­бі ми­ни­стр­лі­гі­нің Гео­де­зия және кар­то­гра­фия ко­ми­те­ті (бұ­дан әрі – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші) 3 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тә­сіл­де­рі Өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру: 1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­мен ке­ле­сідей жү­зе­ге асы­ры­ла­ды: 1. «Қыз­мет ба­бын­да пай­да­ла­ну үшін» де­ген бел­гі­сі бар ма­те­ри­ал­дар мен гео­де­зи­я­лық де­ректер­ді алу; 2. «Құ­пия» де­ген гри­фі бар ма­те­ри­ал­дар мен гео­де­зи­я­лық де­ректер­ді алу. 2) «элек­трон­дық үкі­мет­тің» веб-пор­та­лы­мен ке­ле­сідей жү­зе­ге асы­ры­ла­ды: 1. Ашық пай­да­ла­ны­ла­тын ма­те­ри­ал­дар мен гео­де­зи­я­лық де­ректер­ді алу. 4 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі (19) он то­ғыз жұ­мыс кү­ні 5 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ны­са­ны Қа­ғаз тү­рін­де: 1. «Қыз­мет ба­бын­да пай­да­ла­ну үшін» де­ген бел­гі­сі бар ма­те­ри­ал­дар мен гео­де­зи­я­лық де­ректер­ді алу; 2. «Құ­пия» гри­фі бар ма­те­ри­ал­дар мен гео­де­зи­я­лық де­ректер­ді алу; Элек­трон­дық (то­лық ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған): 3. Ашық пай­да­ла­ны­ла­тын ма­те­ри­ал­дар мен гео­де­зи­я­лық де­ректер­ді алу. 6 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сі 1) «Қыз­мет ба­бын­да пай­да­ла­ну үшін» де­ген бел­гі­сі бар ма­те­ри­ал­дар мен гео­де­зи­я­лық де­ректер­ді алу­ға жү­гін­ген кез­де: қыз­мет ба­бын­да пай­да­ла­ну үшін де­ген бел­гі­сі бар жос­пар­лан­ған жұ­мыс учас­ке­ле­рін­де­гі жер­гі­лік­ті жер­лер­дің гео­де­зи­я­лық және кар­то­гра­фи­я­лық зерт­тел­ген­ді­гі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер (бұ­дан әрі – мә­лі­мет­тер) не мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін ұсы­ну ны­са­ны: элек­трон­дық және (неме­се) қа­ғаз тү­рін­де («қыз­мет ба­бын­да пай­да­ла­ну үшін» бел­гі­сі­мен). 2) «құ­пия» бел­гі­сі бар ма­те­ри­ал­дар мен гео­де­зи­я­лық де­ректер­ді алу­ға жү­гін­ген кез­де: «құ­пия» бел­гі­сі бар мә­лі­мет­тер не мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін ұсы­ну ны­са­ны: элек­трон­дық және (неме­се) қа­ғаз тү­рін­де («құ­пия» бел­гі­сі­мен). 3) ашық пай­да­ла­ны­ла­тын ма­те­ри­ал­дар мен гео­де­зи­я­лық де­ректер­ді алу­ға жү­гін­ген кез­де: мә­лі­мет­тер неме­се Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін ұсы­ну ны­са­ны: элек­трон­дық және (неме­се) қа­ғаз тү­рін­де. 7 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­ле­ма­қы мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­ға (бұ­дан әрі – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы) ақы­лы түр­де көр­се­ті­ле­ді. Мә­лі­мет­тер­ді бер­ге­ні үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Цифр­лық да­му, ин­но­ва­ци­я­лар және аэро­ға­рыш өнер­к­ә­сі­бі ми­ни­стр­лі­гі­нің (бұ­дан әрі – уәкі­лет­ті ор­ган) www.​gov.​kz/​mem​leke​t/​ent​itie​s/​mdai және Қор­дың www.​nkgf.​kz. ре­сми сайт­та­рын­да ор­на­ла­сты­ры­ла­тын «Мем­ле­кет­тік мү­лік ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 15-ба­бы­ның 13) тар­мақ­ша­сы­на сәй­кес бел­гі­лен­ген мә­лі­мет­тер бе­ру жө­нін­де­гі жұ­мыстар­дың құ­ны­на сәй­кес көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан ақы ала­ды. 8 Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің және ақ­па­рат объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс гра­фи­гі 1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің жұ­мыс кесте­сі – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на және «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы ме­ре­ке­лер ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның (бұ­дан әрі – Ме­ре­ке­лер ту­ра­лы заң) 5-ба­бы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі-жұ­ма ара­лы­ғын­да, са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін түс­кі үзіл­іспен, са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін. Өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден ба­стап 17.30-ға дей­ін бел­гі­ле­не­ді. Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет ал­дын ала жа­зы­лу­сыз және же­дел­де­тіп қыз­мет көр­се­ту­сіз ке­зек тәр­ті­бін­де көр­се­ті­ле­ді; 2) пор­тал­дың жұ­мыс кесте­сі – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на және Ме­ре­ке­лер ту­ра­лы заң­ның 5-ба­бы­на сәй­кес жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген жағ­дай­да, өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды). Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры: 1) уәкі­лет­ті ор­ган­ның www.​gov.​kz/​mem​leke​t/​ent​itie​s/​mdai ин­тер­нет-ре­сур­сын­да; 2) пор­тал­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған. 9 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер тіз­бе­сі Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге: 1) «қыз­мет ба­бын­да пай­да­ла­ну үшін» де­ген бел­гі­сі бар ма­те­ри­ал­дар мен гео­де­зи­я­лық де­ректер­ді алу үшін: «қыз­мет ба­бын­да пай­да­ла­ну үшін» де­ген бел­гі­сі бар ма­те­ри­ал­дар мен гео­де­зи­я­лық де­ректер­ді алу­ға ар­нал­ған өті­ніш; көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ге ақы тө­лен­ге­ні ту­ра­лы тө­лем құ­жа­ты (тү­бір­тек); 2) «құ­пия» гри­фі бар ма­те­ри­ал­дар мен гео­де­зи­я­лық де­ректер­ді алу үшін: «құ­пия» гри­фі бар ма­те­ри­ал­дар мен гео­де­зи­я­лық де­ректер­ді алу­ға ар­нал­ған өті­ніш; тап­сы­рыс бе­ру­ші ұй­ым (мем­ле­кет­тік құ­пи­я­лар­ды құ­рай­тын мә­лі­мет­тер­ді пай­да­ла­ну­ға бай­ла­ны­сты жұ­мыстар­дың тап­сы­рыс бе­ру­ші­ле­рі бо­лып та­бы­ла­тын мем­ле­кет­тік ор­ган неме­се мем­ле­кет­тік ұй­ым) мен көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ара­сын­да­ғы бір­лес­кен және бас­қа жұ­мыстар жүр­гізу­ге ар­нал­ған шарт жо­ба­сы; көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ге ақы тө­лен­ге­ні ту­ра­лы тө­лем құ­жа­ты (тү­бір­тек); Пор­тал­ға: 3) ашық пай­да­ла­ны­ла­тын ма­те­ри­ал­дар мен гео­де­зи­я­лық де­ректер­ді алу үшін: ашық пай­да­ла­ну­да­ғы ма­те­ри­ал­дар мен гео­де­зи­я­лық де­ректер­ді алу­ға ар­нал­ған элек­трон­дық өті­ніш; же­ке ба­сты ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тар ту­ра­лы, заң­ды тұл­ға­ны тір­кеу (қай­та тір­кеу), да­ра кә­сіп­кер­ді тір­кеу ту­ра­лы мә­лі­мет­тер не да­ра кә­сіп­кер ре­т­ін­де қыз­ме­тін ба­с­та­ға­ны ту­ра­лы тө­лем­ді рас­тай­тын құ­жат­тар­ды («элек­трон­дық үкі­мет­тің» тө­лем шлю­зі (бұ­дан әрі – ЭҮТШ) ар­қы­лы тө­ле­ген жағ­дай­да) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші ЭҮТШ ар­қы­лы ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден ала­ды. 10 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да бел­гі­лен­ген негіз­де­ме­лер 1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) дұ­рыс еме­сті­гін анық­тау; 2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты оның қыз­ме­тіне неме­се мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ды та­лап ете­тін же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­ріне тый­ым са­лу ту­ра­лы сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген ше­ші­мі­нің (үкі­мі­нің) бо­луы; 3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген үкі­мі­нің бо­луы, оның негі­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­мен бай­ла­ны­сты ар­на­у­лы құқы­ғы­нан ай­ы­ры­луы; 4) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін та­лап еті­ле­тін, «Дер­бес де­ректер және олар­ды қор­ғау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 8-ба­бы­на сәй­кес бе­рі­ле­тін қол­же­тім­ді­лі­гі шек­те­улі дер­бес де­ректер­ге қол жет­кізу­ге ке­лі­сі­мі бол­мауы. 11 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­л­ген өзге де та­лап­тар Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ашық пай­да­ла­ну­да­ғы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ке өті­ніш­ті элек­трон­дық ны­сан­да пор­тал ар­қы­лы жі­бе­ре­ді. «Қыз­мет ба­бын­да пай­да­ла­ну үшін» де­ген бел­гі­сі бар, «құ­пия» гри­фі бар мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет қа­ғаз ны­сан­да ұсы­ны­ла­ды. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ашық пай­да­ла­ну­да­ғы мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­дің тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де пор­тал­да­ғы «же­ке ка­би­не­ті», сон­дай-ақ бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы ала­ды. Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы: 1414, 8 800 080 7777.