О внесении изменения в решение маслихата от 23 апреля 2014 года № 225 «Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества села Забеловка Житикаринского района Костанайской области» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.11.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мәслихаттың 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 225 «Қостанай облысы Жітіқара ауданы Забелов ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына сәйкес Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Мәслихаттың «Қостанай облысы Жітіқара ауданы Забелов ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 225 шешіміне (2014 жылғы 19 маусымда «Житикаринские новости» газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4808 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Жітіқара ауданы Забелов ауылының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Мәслихаттың 2019 жылғы 12 қарашадағы № 344 шешіміне қосымша Мәслихаттың 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 225 шешіміне қосымша Жітіқара ауданы Забелов ауылының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы № Забелов ауылы көшелерінің атауы Өкілдер саны (адам) 1 Левонабережная көшесі 15 2 Комсомольская көшесі 3 Новостроевская көшесі 4 Горького көшесі 10 5 Правонабережная көшесі 6 Джангильдина көшесі 7 Победы көшесі 15 8 Целинная көшесі 9 Октябрьская көшесі 10 Степная көшесі 11 Первомайская көшесі 12 Механизаторская көшесі Барлығы 40