О внесении изменений в решение маслихата от 23 апреля 2014 года № 235 «Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества села Ырсай Житикаринского района Костанайской области» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.11.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мәслихаттың 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 235 «Қостанай облысы Жітіқара ауданы Ырсай ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Мәслихаттың «Қостанай облысы Жітіқара ауданы Ырсай ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 235 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4798 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «Қостанай облысы Жітіқара ауданы Ырсай ауылының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы»; 1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Жітіқара ауданы Ырсай ауылының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін. 2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Жітіқара ауданы Ырсай ауылы жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.»; көрсетілген шешіммен бекітілген Қостанай облысы Жітіқара ауданы Ырсай ауылының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; көрсетілген шешіммен бекітілген Қостанай облысы Жітіқара ауданы Ырсай ауылының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; көрсетілген шешімнің қосымшаларында: «Мәслихаттың 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 235 шешімімен бекітілген», «Мәслихаттың 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 235 шешіміне қосымша» сөздері «Мәслихаттың 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 235 шешіміне 1-қосымша» және «Мәслихаттың 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 235 шешіміне 2-қосымша» сөздерімен ауыстырылсын;
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Қостанай облысы Жітіқара ауданы Ырсай ауылының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары
Мәслихаттың 2022 жылғы 25 қаңтардағы № 126 шешіміне 1-қосымша Мәслихаттың 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 235 шешіміне 1-қосымша Қостанай облысы Жітіқара ауданы Ырсай ауылының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қостанай облысы Жітіқара ауданы Ырсай ауылының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына және «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес әзірленді және Ырсай ауылы тұрғындарының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
Тармақша 2
2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл тұрғындарының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.
Тарау 2. 2. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі
2. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі
Тармақ 3
3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін ауылдық округтің аумағы учаскелерге (көшелер) бөлінеді.
Тармақ 4
4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.
Тармақ 5
5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Ырсай ауылының әкімі шақырады және ұйымдастырады.
Тармақ 6
6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы Ырсай ауылының әкімімен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.
Тармақ 7
7. Ауыл, көше шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді Ырсай ауылының әкімі ұйымдастырады. Көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.
Тармақ 8
8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті ауылдың оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда, көшеде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
Тармақ 9
9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Ырсай ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады. Ырсай ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.
Тармақ 10
10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын аудан мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.
Тармақ 11
11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
Тармақ 12
12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол Ырсай ауылының әкімінің аппаратына беріледі.
Басқа 20. Қостанай облысы Жітіқара ауданы Ырсай ауылының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Мәслихаттың 2022 жылғы 25 қаңтардағы № 126 шешіміне 2-қосымша Мәслихаттың 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 235 шешіміне 2-қосымша Қостанай облысы Жітіқара ауданы Ырсай ауылының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы № Ырсай ауылы көшелерінің атауы Өкілдерінің саны (адам) 1 Новая көшесі 3 2 Степная 2 көшесі 3 3 Степная көшесі 3 4 Комсомольская көшесі 3 5 Бамовская көшесі 1 6 Молодежная көшесі 1 7 Парковая көшесі 2 8 Школьная көшесі 3 9 Набережная көшесі 3 Барлығы 22