О внесении изменения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 23 февраля 2015 года № 138 «Об утверждении Правил координации деятельности дежурных диспетчерских служб и полномочий единой дежурно-диспетчерской службы «112» на территории Республики Казахстан» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасының аумағында кезекшілік-диспетчерлік қызметтердің қызметін үйлестіру қағидаларын және бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік «112» қызметінің өкілеттіктерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 138 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы БҰЙРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасының аумағында кезекшілік-диспетчерлік қызметтердің қызметін үйлестіру қағидаларын және бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік «112» қызметінің өкілеттіктерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 138 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10972 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағындағы кезекшілік-диспетчерлік қызметтердің қызметін үйлестіру қағидалары және аумағында бірыңғай кезекші-диспетчерлік «112» қызметінің өкілеттігін жүзеге асыруға рұқсат беру қағидаларында: 4 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Төтенше жағдайлар туындаған, адамдардың өміріне қауіп төнген және денсаулығына зиян келтірген кезде және өзге де шұғыл көмек шараларын қабылдауды талап ететін жағдайларда БКДҚБ өзара іс-қимыл жасасатын кезекшілік-диспетчерлік қызметтердің жұмысын үйлестіреді. Бұл үшін БКДҚБ орналасқан жерде мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың цифрлық жүйелермен, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы байланыс инфрақұрылымымен ықпалдасады.»;
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару орталығы заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.