О внесении изменения в постановление акимата от 23 февраля 2015 года № 23 «Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов» Күшін жойған
Басқа 0
Әкімдіктің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 23 «Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 28-бабы 6-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қамысты аудандық сайлау комиссиясымен бірлесіп (келісім бойынша) әкімдіктің «Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы» 2015 жылғы 23 ақпандағы № 23 қаулысына (2015 жылғы 31 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5414 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. «Қамысты ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қамысты ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қамысты ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
Әкімдіктің
2020 жылғы 22 мамырдағы
№ 87 қаулысына
қосымша
Әкімдіктің
2015 жылғы 23 ақпандағы
№ 23 қаулысына
қосымша
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
№ р/с
Елді мекеннің атауы
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
1
Адаевка ауылы
Школьная көшесіндегі тақта
2
Алтынсарин ауылы
Школьная көшесіндегі тақта, Октябрьская көшесіндегі тақта
3
Аралкөл ауылы
Абай көшесіндегі тақта
4
Арқа ауылы
Торговая көшесіндегі тақта
5
Бестөбе ауылы
Абай көшесіндегі тақта
6
Дружба ауылы
Советская және Волынов көшелерінің қиылысындағы стенд, Советская көшесіндегі тақта
7
Қамысты ауылы
Ленин және Ержанов көшелерінің қиылысындағы стенд, Құдайқұлов көшесіндегі тақта, Ержанов және Косма көшелерінің қиылысындағы тақта
8
Қарабатыр ауылы
Комсомольская көшесіндегі тақта
9
Клочков ауылы
Учительская көшесіндегі тақта