О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 апреля 2015 года № 267 «Об утверждении Правил зачисления активов в Национальный фонд Республики Казахстан и использования Национального фонда Республики Казахстан, а также форм и Правил составления годового отчета о формировании и использовании Национального фонда Республики Казахстан» Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.07.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына активтерді есептеу және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті жасау нысандары мен қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 267 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына активтерді есептеу және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті жасау нысандары мен қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 267 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына активтерді есептеу және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану қағидаларында: 19-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «19-1. Өткен қаржы жылының қорытындысы бойынша Ұлттық қордан кепілдендірілген және/немесе нысаналы трансферттерді толық пайдаланбаған кезде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган:
Тармақша 1
1) кезекті қаржы жылына Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферттің тартылатын сомасын өткен жылғы Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферттің пайдаланылмаған сомасына азайтуды; Бұл ретте, өткен жылғы Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферттің пайдаланылмаған сомасы кезекті жылдың Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферттің бір бөлігі ретінде пайдаланылады;
Тармақша 2
2) республикалық бюджет қаражатының қалдықтары есебінен бюджетті түзету жолымен Ұлттық қордан республикалық бюджетке нысаналы трансферт түрінде тартылған, пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) қаражаттың бір бөлігін қайтаруды;
Тармақша 3
3) республикалық бюджет қаражатының қалдықтары есебінен бюджетті түзету жолымен республикалық бюджетке тартылған кепілдендірілген трансферттің бір бөлігін қайтаруды жүзеге асырады. Ағымдағы қаржы жылында күтілетін кірістер түсімі (Ұлттық қордан берілетін трансферттер түсімін есепке алмағанда) жоспарланған кірістерден (Ұлттық қордан берілетін трансферттер түсімін есепке алмағанда) асып түскен кезде, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Ұлттық қордан тартылған кепілдендірілген трансферттің бір бөлігін Ұлттық қорға қайтаруды жүзеге асырады. Ұлттық қордан тартылған кепілдендірілген трансферттің бір бөлігін республикалық бюджеттен қайтару бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.».
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.