О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 апреля 2015 года № 274 «Об определении лицензиара в сфере использования атомной энергии» Күшіне енбеген

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Атом энергиясын пайдалану саласындағы лицензиарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 274 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Атом энергиясын пайдалану саласындағы лицензиарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 274 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Атомдық қадағалау және бақылау комитеті атом энергиясын пайдалану саласындағы лицензиар болып белгіленсін.».
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.