О внесении изменений в постановление акимата Мангистауской области от 23 февраля 2015 года № 33 «Об утверждении расположения специальных стационарных помещений для распространения религиозной литературы и иных информационных материалов религиозного содержания, предметов религиозного назначения» Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.05.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 33 «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй - жайлардың орналастырылуын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы «Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы» Заңының 5 бабының 7) тармақшасына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 33 «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй – жайлардың орналастырылуын бекіту туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2653 болып тіркелген, 2015 жылғы 7 сәуірдегі «Маңғыстау» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: қосымшада: Ақтау қаласы бойынша: реттік нөмірлері алтыншы және жетінші жолдар алып тасталсын; реттік нөмірі сегізінші жол мынадай редакцияда жазылсын: « 8 «Атлас туризм» дүкені 27 шағын аудан, 71 үй, 24 пәтер ».
Тармақ 2
2. «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Е.Ж. Есбергенов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары М.Н. Сқақовқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.