О внесении дополнения в постановление акимата Мангистауской области от 23 февраля 2015 года № 33 «Об утверждении расположения специальных стационарных помещений для распространения религиозной литературы и иных информационных материалов религиозного содержания, предметов религиозного назначения» Күшін жойған
Басқа 0
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 33 «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй - жайлардың орналастырылуын бекіту туралы» қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы «Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы» Заңына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 33 «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй – жайлардың орналастырылуын бекіту туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2653 болып тіркелген, 2015 жылғы 7 сәуірдегі «Маңғыстау» газетінде жарияланған) келесідей толықтыру енгізілсін:
қосымшада:
«реттік нөмірі келесідей мазмұндағы 14 жолмен толықтырылсын:
Жаңаөзен қаласы
14
«Жібек жолы» сауда орталығы № 39 бутик
Арай шағын ауданы, Маңғыстау 3 даңғылы
».
Тармақ 2
2. «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкімен және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Қ.Б. Жұмашевке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.