О внесении изменения и дополнений в постановление акимата Мангистауской области от 23 февраля 2015 года № 33 «Об утверждении расположения специальных стационарных помещений для распространения религиозной литературы и иных информационных материалов религиозного содержания, предметов религиозного назначения» Күшін жойған
Басқа 0
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 33 «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй - жайлардың орналастырылуын бекіту туралы» қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы «Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы» Заңына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 33 «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй – жайлардың орналастырылуын бекіту туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2653 болып тіркелген, 2015 жылғы 7 сәуірде «Маңғыстау» газетінде жарияланған) келесідей өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
қосымшада:
Ақтау қаласы бойынша:
келесідей мазмұндағы реттік нөмірі 10-1 жолмен толықтырылсын:
«
10-1
Кітап дүкені
16 шағын ауданы, 60 үй, 27 тұрғын емес жайы
»;
Бейнеу ауданы бойынша:
реттік нөмірі 11 жол алып тасталсын;
Жаңаөзен қаласы бойынша:
келесідей мазмұндағы реттік нөмірі 15 жолмен толықтырылсын:
«
15
«Ummastore» дүкені
Арай шағын ауданы, Маңғыстау даңғылы, 8 құрылыс, «Сұлу» сауда орталығы, 2 қабат, № 13 бутик
».
Тармақ 2
2. «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Г.М. Қалмұратоваға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.