О внесении изменений в решение Жылыойского районного маслихата от 23 ноября 2015 года № 34-4 «Об определении порядка и установлении размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану» Күшін жойған
Басқа 0
Жылыой аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 34-4 «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын айқындау тәртібі мен мөлшерін белгілеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 бабына сәйкес Жылыой аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Жылыой аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 34-4 «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын айқындау тәртібі мен мөлшерін белгілеу туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3371 болып тіркелген, 2015 жылғы 14 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) көрсетілген шешімнің кіріспе бөліктегі (кіріспедегі) «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 санымен тіркелген)» деген сөздер алынып тасталсын;
Тармақша 2
2) 2 тармақтың 2) тармақшасындағы:
«Атырау облыстық білім беру басқармасы» деген сөздер «Атырау облысы Білім беру басқармасы» деген сөздермен ауыстырылсын».
Тармақ 2
2. Шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың бюджет, экономика, қаржы және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Ү. Жақашев) жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.