О внесении дополнений и изменения в решение маслихата города Алматы от 23 июля 2015 года № 347 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в городе Алматы» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.12.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алматы қаласы мәслихатының 2015 жылғы 23 шілдедегі № 347 «Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес, VI сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Алматы қаласы мәслихатының 2015 жылғы 23 шілдедегі № 347 «Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1194 болып тіркелген, 2015 жылғы 18 тамызда «Алматы Ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған) келесі толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін: аталған шешіммен бекітілген Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларындағы: 3-тармақ келесі мазмұндағы 14 және 15-тармақшалармен толықтырылсын: «14) Алматы қаласы ЖИТС орталығы – Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны; 15) АИТВ – адамның иммун тапшылығы вирусы.»; келесі мазмұндағы 20-2 тармақпен толықтырылсын: «20-2. Алматы қаласының ЖИТС орталығында диспансерлік есепте тұрған, АИТВ инфекциясы бар балаларға әлеуметтік көмек отбасының табысын есепке алмағанда жыл сайын Республикалық ең төменгі күнкөріс деңгейінің 2 (екі) есе мөлшерінде ай сайынғы төлеммен тағайындалады. Алматы қаласының ЖИТС орталығында диспансерлік есепте тұрған АИТВ жұқтырған балалар үшін ата-аналары (заңды өкілдері) әлеуметтік көмек тағайындау туралы өтініш беруге құқылы. Заңды өкілдері тиісті органның бала (қыз) асырап алу немесе балаларға қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірмені қоса береді.»; 21-тармақ келесі мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын: «18-1) Алматы қаласының ЖИТС орталығында диспансерлік есепте тұрған АИТВ-инфекциясын жұқтырған балалар.»; 36-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын: «36. Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы ай сайын 29-на дейін Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасына АИТВ-инфекциясын жұқтырған балалардың тізімін, амбулаториялық емдеу кезеңіндегі туберкулезбен ауыратын адамдардың тізімін, «Каменское Плато» туберкулезге қарсы санаторийіне стационарлық емдеуге жіберілген туберкулезбен ауыратын адамдардың тізімін және 7 күннен астам уақыт емделуден қол үзіп қалған туберкулезбен ауыратын адамдардың тізімін ұсынады.».
Тармақ 2
2. Алматы қаласы мәслихатының аппараты осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында және ресми интернет-ресурста жариялауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының еңбек, жұмыспен қамту және көлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Р.К. Бадаеваға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.