О внесении изменений в решение маслихата города Астаны от 23 сентября 2015 года № 410/57-V «О Порядке предоставления права льготного проезда отдельным категориям обучающихся города Астаны на городском пассажирском транспорте» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.12.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Астана қаласы білім алушыларының жекелеген санаттарына қалалық жолаушылар көлігінде жеңілдікпен жүру құқығын ұсыну Тәртібі туралы» Астана қаласы мәслихатының 2015 жылғы 23 қыркүйектегі № 410/57-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңы 8-бабының 3) тармақшасына, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Астана қаласы білім алушыларының жекелеген санаттарына қалалық жолаушылар көлігінде жеңілдікпен жүру құқығын ұсыну тәртібі Астана қаласы мәслихатының 2015 жылғы 23 қыркүйектегі  № 410/57-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 959 тіркелген, 2015 жылдың 3 қарашасында «Астана ақшамы», «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: жоғарыда көрсетілген шешімнің 1- қосымшасында: 4-тармақтың 2) тармақшасындағы «Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесі» деген сөздер «Астана қаласының Қоғамдық даму істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі» деген сөздермен ауыстырылсын; 7-тармақтың 2) тармақшасындағы «11» деген сандар алынып тасталсын; 10- тармақта: 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «1) Тәртіптің 8-тармағында көрсетілген барлық санаттағы 15 жасқа дейінгі оқушылар мен тәрбиеленушілер үшін – балалардың ай сайынғы жол жүру билетін көлік картасын толықтыру жолымен сатып алу»; 2), 3) тармақшалардағы «ақша қаражатын төлеу» деген сөздер «көлік картасын толықтыру» деген сөздермен ауыстырылсын; 11-тармақ алынып тасталсын; 12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «12. Тәртіптің 8-тармағында көрсетілген тұлғаларды қамтамасыз ету түріндегі әлеуметтік көмек көлік картасын толықтыру үшін жол жүру билетін сатып алуға мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу жолымен жүргізіледі.»; 13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «13. Әкімші әрбір білім беру ұйымы ұсынған өтінімге сәйкес балалардың ай сайынғы жол жүру билеттерінің көлік картасын толықтыру үшін тізім жолдайды.».
Тармақ 2
2. Осы шешiм әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.