О внесении изменения в решение маслихата города Астаны от 23 декабря 2015 года № 448/62-V «О Правилах отлова и уничтожения бродячих собак и кошек в городе Астане» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.09.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Астана қаласы мәслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 448/62-V «Астана қаласында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидалары туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қантардағы, «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі заңдарына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Астана қаласы мәслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 448/62-V «Астана қаласында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидалары туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 999 болып тіркелген, 2016 жылғы 9 ақпанда «Астана ақшамы», «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін: Астана қаласында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
Басқа 0. Астана қаласында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидалары
Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 20 шілдедегі № 169/21-VI шешіміне қосымша Астана қаласында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Астана қаласында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидалары (бұдан әрі – Қағида) «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі «Қазақстан Республикасының Кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі заңдарына сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Қағидада қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою тәртібі айқындалады, сондай-ақ қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау жұмыстарына қойылатын талаптарды (ветеринариялық, санитариялық-гигиеналық, техникалық) белгілейді.
Тармақ 3
3. Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) қаңғыбас жануарлар – адамға қауіпті аурулармен ауыратын, топталып жүретін жабайы иттер мен мысықтар. Қаңғыбас жануарлардың қарғы, қарғы бауы, микрочиптер, таңба, бирка және иесінің байланыс нөмірі жазылған жетондар тәрізді әлдебіреуге тиесілі екенін білдіретін танымдық белгілері болмайды;
Тармақша 2
2) қараусыз қалған жануарлар – иелерін анықтау мүмкін емес иттер мен мысықтар; иесінен қашып кеткен және иесінің немесе ілесіп жүретін адамның (серуендетуші) тарапынан қараусыз жүрген жануар;
Тармақша 3
3) мамандандырылған ұйым – жануарларға жұқпалы ауруларға қарсы екпе жүргізуді жүзеге асыратын және қаңғыбас жануарларды аулаумен айналысатын жергiлiктi атқарушы орган құрған ұйым;
Тармақша 4
4) қаңғыбас жануарды зарарсыздандыру (пішу) – хирургиялық жолмен жануарды тұқым көбейту қабілетінен (өнімділік қабілеттілігінен) айыру.
Тарау 2. 2. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау тәртібі
2. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау тәртібі
Тармақ 4
4. Қаңғыбас жануарларды аулауды, тасымалдауды, уақытша ұстауды және жоюды мамандандырылған ұйым жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Аулау уәкілетті орган бекіткен Қаңғыбас жануарларды аулау жоспарына сәйкес, сондай-ақ азаматтардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау жұмысына медициналық тексеруден өткен, құтыруға қарсы алдын алу екпелерін (вакцинация) алған, психоневрологиялық және наркологиялық диспансерлерде есепте тұрмайтын адамдарға рұқсат етіледі.
Тармақ 7
7. Рұқсат етілген аулау құралдарына: тиісті сертификаты бар, әрекетке қабілетсіз ететін, дозаланған препараттарды қолданатын пневматикалық қару, торлар, тор-қақпандар, сондай-ақ жануарларды аулау кезінде оларды өлтірмейтін басқа да құралдар және құрылғылар жатады.
Тармақ 8
8. Қоғамдық орындарда (көшелерде, аула аумақтарында, саябақтарда, тынымбақтарда және басқа да орындарда) ілесіп жүретін адамның қарауынсыз жүрген, байлауда қалдырылған жануарлардан басқа, қаңғыбас және қараусыз жануарлар ауланады.
Тармақ 9
9. Ауланған қаңғыбас жануарлар, жануарларды иесіне бергенше не үшінші тұлғаға беру сәтіне дейін уақытша ұсталатын оқшаулағышқа жеткізіліп, онда екі ай ұсталады.
Тармақ 10
10. Жануарларды иесіне қайтарған жағдайда, жануарларды ұстаған адамның және оларды күтіп-баққан және пайдалануында болған адамның жануарларды ұстауға кеткен өз шығыстарын пайдаланудан алынған пайданы шегере отырып, өтету құқығы бар.
Тармақ 11
11. Мамандандырылған ұйым әрбір ауланған қаңғыбас жануар туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында қаңғыбас жануарды аулаған күні орналастырылады және мамандандырылған ұйымның байланыс деректері, ауланған жануар туралы ақпарат (сипаттамасы), сондай-ақ ауланған жануардың фотосуреті болады.
Тарау 3. 3. Ауланған жануарларды тасымалдау
3. Ауланған жануарларды тасымалдау
Тармақ 12
12. Ауланған жануарларды тасымалдау техникалық ақаусыз, арнайы металл торлармен жабдықталған, мамандандырылған ұйымның белгісі мен телефон нөмірі бар автокөлікпен (бұдан әрі – арнайы автокөлік) жүргізіледі.
Тармақ 13
13. Ауланған қаңғыбас жануарлар тасымалдауға арналған арнайы автокөлік аулау процесінде зардап шеккендерге шұғыл жәрдем көрсету үшін мал дәрігерлік құралдар жиынтығымен толықтырылады, табиғи желдетуімен жабдықталады.
Тармақ 14
14. Ауланған қаңғыбас иттер мен мысықтарды жануарлардың өлексесімен бірге тасымалдауға жол берілмейді.
Тармақ 15
15. Ауланған қаңғыбас жануарларды тасымалдау ит немесе мысыққа олардың денсаулығына жарақат немесе басқа да зиян келтірмейтін әдістермен жүргізіледі.
Тармақ 16
16. Күнделікті жұмыс аяқталғаннан кейін арнайы автокөліктің шанағына, сондай-ақ барлық құралдар мен металл торларға санитариялық тазалау және зарарсыздандыру жүргізіледі.
Тарау 4. 4. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды уақытша оқшаулағышта ұстау
4. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды уақытша оқшаулағышта ұстау
Тармақ 17
17. Ауланған қаңғыбас жануарлар уақытша ұстау оқшаулағышына орналастырылады.
Тармақ 18
18. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды тіркеу, ұстау, тамақтандыру, тексеру, жою шараларын, сондай-ақ уақытша оқшаулағышты қажетті керек-жарақпен қамтамасыз етуді мамандырылған ұйым жүзеге асырады.
Тармақ 19
19. Уақытша ұстау оқшаулағышында ауланған қаңғыбас жануарларға клиникалық зерттеу және тіркеу жүргізіледі.
Тармақ 20
20. Уақытша ұстау оқшаулағышы металл торлармен және иттерге арналған үйшікпен жабдықталуы тиіс.
Тармақ 21
21. Әр торға 1 (бір) ит немесе 1 (бір) мысық орналастырылуы мүмкін.
Тармақ 22
22. Ауланған қаңғыбас жануарларға қажетті күтім жасалады және тамақтандырылады, торларды күнделікті механикалық тазалау және зарарсыздандыру жүргізіледі.
Тармақ 23
23. Жануарды орналастыру, иесін іздеу, сондай-ақ жайғастыру мақсатында фотоға түсіру үшін жануарларды уақытша ұстау оқшаулағышына волонтерлік куәлігі бар болған жағдайда, волонтерлердің кіруі қамтамасыз етіледі.
Тармақ 24
24. Дені сау қаңғыбас жануарлар тиісті клиникалық жағдайда зарарсыздандыруға және піштіруге жатады.
Тарау 5. 5. Қараусыз қалған немесе қаңғыбас иттер мен мысықтарды қайтару және (немесе) беру тәртібі
5. Қараусыз қалған немесе қаңғыбас иттер мен мысықтарды қайтару және (немесе) беру тәртібі
Тармақ 25
25. Мамандандырылған ұйымға және қаңғыбас жануарларды қайтару жөнінде өтініш берген кезде иелері:
Тармақша 1
1) жеке куәлігі;
Тармақша 2
2) иттер мен мысықтардың ветеринариялық паспортын және (немесе) иесімен түскен фотосуретін ұсынады.
Тармақ 26
26. Мамандандырылған ұйым қызметкерлері үшінші тұлғаның жануарды сақтауды және оған тиісінше күтім жасауды қамтамасыз ету міндетін көздейтін шартты міндетті түрде жасай отырып, ауланған жануарларды үшінші тұлғаларға беруге құқылы.
Тарау 6. 6. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды жою тәртібі
6. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды жою тәртібі
Тармақ 27
27. Талап етілмеген жануарлар екі ай өткен соң үшінші тұлғаға немесе кейіннен ұстау үшін паналау орнына беріледі.
Тармақ 28
28. Талап етілмеген, емделмейтін ауруға шалдыққан қаңғыбас жануарлар Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған препараттармен, медикаментоздық ізгілікті жолмен жансыздандырылуға жатады.
Тармақ 29
29. Қаңғыбас иттер мен мысықтардың өлекселерін жою мамандандырылған ұйымның арнайы пештер қойылған өндірістік базасында жүргізіледі.
Тармақ 30
30. Өндірістік базаның аумағы мен құралдары ветеринариялық-санитариялық нормаларға және талаптарға сәйкес ұсталуы тиіс.
Тармақ 31
31. Қаңғыбас жануарлардың өлекселері (қалдықтары) мамандандырылған ұйымға жою үшін берілуі тиіс.
Тарау 7. 7. Қағиданың талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік
7. Қағиданың талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік
Тармақ 32
32. Мамандандырылған ұйым жануардың көрсетілген кезең бойы олардың өліп қалғаны және оларға зиян келтіргені үшін материалдық жауапкершілікте болады.
Тармақ 33
33. Осы Қағида талаптарының бұзылуына кінәлі тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жауапкершілік жүктеледі.