О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 23 декабря 2015 года № 677 «Об утверждении Перечня товаров, работ, услуг ежедневной и (или) еженедельной потребности на период до подведения итогов государственных закупок способом конкурса либо аукциона и вступления в силу договора о государственных закупках» Күшін жойған
Басқа 0
«Конкурс немесе аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге күн сайынғы және (немесе) апта сайынғы қажеттіліктегі тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 677 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Конкурс немесе аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге күн сайынғы және (немесе) апта сайынғы қажеттіліктегі тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 677 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізімінде № 12716 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Конкурс немесе аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге күн сайынғы және (немесе) апта сайынғы қажеттіліктегі тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік секторының сатып алу заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Егер мемлекеттік сатып алу тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алуды өткізу мерзімі, бірақ екі айдан аспайтын мерзім ішіндегі қажеттілігін қамтамасыз ету үшін қажетті осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу көлемінен аспайтын көлемде, жылдың бірінші айы ішінде жүзеге асырылатын болса, конкурс не аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге күн сайынғы және (немесе)
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2022 жылғы 20 қаңтардағы
№ 61
Бұйрыққа қосымша
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің 2015
жылғы 23 желтоқсандағы
№ 677 бұйрығымен
Бекітілген
Егер мемлекеттік сатып алу тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алуды өткізу мерзімі, бірақ екі айдан аспайтын мерзім ішіндегі қажеттілігін қамтамасыз ету үшін қажетті осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу көлемінен аспайтын көлемде, жылдың бірінші айы ішінде жүзеге асырылатын болса, конкурс не аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге күн сайынғы және (немесе) апта сайынғы қажеттіліктегі осындай мемлекеттік сатып алуды тізбесі
Тармақ 1
1. Тамақ өнімдері.
Тармақ 2
2. Жанар-жағармай материалдары.
Тармақ 3
3. А-4, А-3 форматты "қағаз".
Тармақ 4
4. Жолдарды қыста ұстау жөніндегі жүмыстар.
Тармақ 5
5. Тамақтануды ұйымдастыру жөніндегі қызметтер.
Тармақ 6
6. Жалғыз және туыссыз қайтыс болған азаматтарды жерлеу жөніндегі қызметтер.
Тармақ 7
7. Монша-кір жуу қызметтерін көрсету жөніндегі қызметтер.
Тармақ 8
8. Автокөлік қызметтері.
Тармақ 9
9. Жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарын орнату, монтаждау, жөндеу және пайдалану жөніндегі қызметтер.
Тармақ 10
10. Әкімшілік ғимараттарды ұстау жөніндегі қызметтер:
Тармақша 1
1) ғимараттың ішкі үй-жайларын және қасбетін, сондай-ақ оған жапсарлас аумақты тазалықта ұстау;
Тармақша 2
2) ғимараттарға жапсарлас аумақты абаттандыруды және көгалдандыруды жүргізу және ғимараттардың ішіндегі жасыл екпелерді күтіп-баптау;
Тармақша 3
3) ғимараттардың ішкі үй-жайларын және оған жапсарлас аумақты санитарлық өңдеу;
Тармақша 4
4) оларға жапсарлас аумақтан қоқыс пен қарды шығару;
Тармақша 5
5) күзетпен, дабылдаумен және ғимараттарды, өрт қауіпсіздігі және оған жапсарлас аумақты күзету жөніндегі басқа да қондырғылармен қамтамасыз ету;
Тармақша 6
6) сантехникалық, электромонтаждау жұмыстары;
Тармақша 7
7) лифттық жабдықты техникалық қызмет көрсету.
Тармақ 11
11. Байланыс қызметтері (оның ішінде Интернет, спутниктік, телефон, фелдъегерлік, почта байланысы).
Тармақ 12
12. Ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу жөніндегі қызметтер.
Тармақ 13
13. Бұқаралық ақпарат құралдарында ақпаратты орналастыру жөніндегі қызметтер.
Тармақ 14
14. Серверлік бөлмелерде өрт сөндіру және ауа баптау жүйелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметтер.
Тармақ 15
15. Аппаратты-бағдарламалық құралдарға жүйелік-техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметтер.
Тармақ 16
16. Заң жобасы нормативнтік құқықтық актілері мен ұғымдардың ғылыми сараптама жүргізу жөніндегі қызметтер.
Тармақ 17
17. Ғимараттарды, үй-жайларды және (немесе) құрылыстарды жалдау жөніндегі қызметтер.
Тармақ 18
18. Жалға алынатын ғимараттарды, үй-жайларды және (немесе) құрылыстарды ұстау жөніндегі қызметтер.
Тармақ 19
19. Қызметтік және арнаулы автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі қызметтер.
Тармақ 20
20. Ұйымдастыру техникасына шығыс материалдары мен картридждерді толтыру жөніндегі қызметтер.
Тармақ 21
21. Медициналық шығындыларды кәдеге жарату және медициналық мақсаттағы бұйымдарды зарарсыздандыру жөніндегі қызметтер.
Тармақ 22
22. Мүгедектерге арналған санитарлық-гигиеналық құралдар.
Тармақ 23
23. Мүгедектер үшін жеке көмекшінің көрсететін әлеуметтік қызметтері.
Тармақ 24
24. Естуі бойынша мүгедектер үшін ымдау маманының қызметтері.
Тармақ 25
25. Мүгедектерді арнаулы автокөлікпен тасымалдайтын автокөлік қызметтерін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер.
Тармақ 26
26. Әкімшілік-аумақтық бірлікті ұстау жөніндегі қызметтер.
Тармақша 1
1) сыртқы жарықтандыру қызметтері;
Тармақша 2
2) декоративтік жарық түсіру қызметтері;
Тармақша 3
3) көшелерді, парктерді, саябақтарды, квартал ішіндегі аумақты жинау (механикалық жинау, қолмен), сондай-ақ қоқыс пен қарды шығарып әкету;
Тармақша 4
4) қазылатын шүңқырлардың қондырғысы, одан су тартып шығару және жөндеу;
Тармақша 5
5) нөсер кәрізін пайдалану;
Тармақша 6
6) субұрқақтарды ұстау жөніндегі жұмыстар;
Тармақша 7
7) селге қарсы іс-шаралар;
Тармақша 8
8) кәріздерден ағынды суларды шығару;
Тармақша 9
9) қаңғыбас жануарларды аулап жинау;
Тармақша 10
10) көмілген жерлерді ағымдағы ұстау.
Тармақ 27
27. Объектілерді күзету жөніндегі қызметтер.
Тармақ 28
28. Жүргізуші куәліктерін, көлік құралдарына арналған тіркеу
құжаттарын (көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктерді және мемлекеттік нөмірлік тіркеу белгілерін), транзиттік нөмірлерді дайындау бойынша қызметтер.
Тармақ 29
29. Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған
(түскен) мүлікті сақтау бойынша қызметтер.
Тармақ 30
30. Нұр-Сұлтан қаласындағы республикалық тутұғырды күтіп ұстау және қызмет көрсету.
Тармақ 31
31. Офистік ұйымдастыру техникасын жалға алу және серверлік ресурстарды жалға алу бойынша қызметтер.
Тармақ 32
32. Газет қағазы (газет басуға арналған қағаз).