«О внесении изменений и дополнения в решение районного маслихата от 23 декабря 2015 года №475-V «Об утверждении правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в Курмангазинском районе» Күшін жойған
Басқа 0
Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 475-V «Құрманғазы ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасын бекіту
туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабын басшылыққа алып аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 23 желтоқсандағы №475-V «Құрманғазы ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3408 санымен тіркелген, 2016 жылғы 14 қаңтарда аудандық «Серпер» газетінде жарияланған) шешімімен бекітілген қосымшасына келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
Тармақша 1
1) 3-тармағында:
орыс тіліндегі мәтінінде «услуг» деген сөзінен кейін «и услуг связи» деген сөздермен толықтырылсын;
Тармақша 2
2) 5-тармақтың 2)тармақшасында:
мемлекеттік тілдегі «тұрғын үйдің» деген сөздер «тұрғынжайдың» деген сөзбен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын;
Тармақша 3
3) 5-тармақтың 3)тармақшасында:
мемлекеттік тілдегі «тұрғын үй-жайды» деген сөздер «тұрғынжайды» деген сөзбен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын;
Тармақ 2
2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.