О внесении изменений в решение районного маслихата от 23 декабря 2015 года №475-V «Об утверждении правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам),проживающим в Курмангазинском районе» Күшін жойған
Басқа 0
Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 475-V «Құрманғазы ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасын бекіту
туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 23 желтоқсандағы №475-V «Құрманғазы ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3408 санымен тіркелген, 2016 жылғы 14 қаңтарда аудандық «Серпер» газетінде жарияланған) шешімімен бекітілген қағидасына келесі өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) 4-тармақтағы «Атырау облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалының Құрманғазы аудандық бөлімі» деген сөздер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Атырау облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Құрманғазы аудандық бөлімі» деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) 5-тармақтың 3) тармақшасындағы екінші абзац алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.