О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 23 мая 2016 года № 230 «Об утверждении Правил производства и оборота органической продукции» Күшін жойған
Басқа 0
«Органикалық өнім өндіру мен оның айналымы қағидаларын
бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 23 мамырдағы
№ 230 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Органикалық өнім өндіру мен оның айналымы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 23 мамырдағы № 230 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13875 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Органикалық өнім өндіру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Органикалық өнім өндіру мен оның айналымы қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Органикалық өнім өндіру және оның айналымы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Органикалық өнім өндіру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және органикалық өнімді өндіру және оның айналымы тәртібін айқындайды.»;
119-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«119. Органикалық өнімді буып-түю Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 16 тамыздағы № 769 шешімімен бекітілген «Буып-түю қауіпсіздігі туралы» (КО ТР 005/2011) Кеден одағының техникалық регламентінің (бұдан әрі – КО ТР 005/2011) талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Органикалық өнімді тасымалдау «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының және КО ТР 005/2011 талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күнде қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі