О внесении изменении в постановление акимата Махамбетского района от 23 ноября 2016 года № 352 «Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства граждан Махамбетского района из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования, лиц, освобожденных из мест лишения свободы, лиц, состоящих на учете службы пробации» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.03.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Махамбет аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 23 қарашадағы №352 «Махамбет ауданында ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес, Махамбет аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Махамбет аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 23 қарашадағы №352 «Махамбет ауданында ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысына (бұдан әрі-қаулы) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3728 болып тіркелген, «Жайық шұғыласы» газетінде 2017 жылы 5 қаңтарда жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) қаулының тақырыбы жаңа редакцияда мазмұндалсын: «Махамбет ауданында ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарынан квота белгілеу туралы»;
Тармақша 2
2) қаулының 1-тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын: «Ұйымдардағы қызметкерлердің тізімдік санының бір пайызы мөлшерінде Махамбет ауданында ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарынан квота белгіленсін».
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Сейтқалиевқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.