О внесении изменений в решение Целиноградского районного маслихата от 23 ноября 2016 года № 70/8-6 «О повышении ставок земельного налога на земли населенных пунктов Целиноградского района» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.07.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Целиноград аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 қарашадағы № 70/8-6 «Целиноград ауданы елді мекендерінің жерлеріне жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына, «Ақмола облысы Целиноград ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысынын өзгерту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № А-12/567 қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 6С-17-6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6274 болып тіркелген) сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Целиноград аудандық мәслихатының «Целиноград ауданы елді мекендерінің жерлеріне жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» 2016 жылғы 23 қарашадағы № 70/8-6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5656 болып тіркелген, 2017 жылғы 6 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) кіріспеде келесі редакцияда баяндалсын: «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 510-бабының 1-тармағына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;
Тармақша 2
2) қосымшада, кестенің 3-бағанында: жетінші жолда (аймақ нөмірі III) «Мәншүк ауылдық округі» алынып тасталсын, жиырма үшінші жолды (аймақ нөмірі IV) «01-011-093 Разъезд № 93 (Тасты ауылдық округі)» алынып тасталсын;
Тармақша 3
3) тақырыпта және қазақ тіліндегі барлық мәтін бойынша: «жоғарылату», «жоғарылатылсын», «жоғарылатылған» сөздері «арттыру», «арттырылсын», «арттырылған» сөздерімен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.
Тармақ 2
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Целиноград ауданының әкімі ________________М. Тәткеев 30.01.2018 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Целиноград ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы _____________А. Жантеміров 30.01.2018