О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 23 февраля 2018 года № 263 «Об утверждении Правил представления и исполнения обязательств о вывозе (ввозе) продуктов переработки и их формы» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қайта өңдеу өнімдерін әкету (әкелу) туралы міндеттемелерді табыс ету және орындау қағидаларын және олардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 263 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қайта өңдеу өнімдерін әкету (әкелу) туралы міндеттемелерді табыс ету және орындау қағидаларын және олардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 263 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №16589 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 20 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Қайта өңдеу өнімдерін әкету (әкелу) туралы міндеттемені табыс ету және оларды орындау қағидаларын, сондай-ақ олардың нысандарын бекіту туралы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес қайта өңдеу өнімдерін әкету (әкелу) туралы міндеттемені табыс ету және оларды орындау қағидалары; 2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес қайта өңдеу өнімдерін әкету туралы міндеттеме нысандары; 3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес қайта өңдеу өнімдерін әкелу туралы міндеттеме нысандары бекітілсін.»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген қайта өңдеу өнімдерін әкету (әкелу) туралы міндеттемені табыс ету және оны орындау қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар): тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Қайта өңдеу өнімдерін әкету (әкелу) туралы міндеттемені табыс ету және оларды орындау қағидалары»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Қайта өңдеу өнімдерін әкету (әкелу) туралы міндеттемені табыс ету және оларды орындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 449-бабының 6-тармағына және 465-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленген және қайта өңдеу өнімдерін әкету туралы міндеттемені табыс ету және оларды орындау тәртібін айқындайды.»; 10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «10. Қайта өңдеу өнімдерін әкелу туралы міндеттемеге: алыс-беріс шикізатының әкетілуін растайтын құжаттар: алыс-беріс шикізатын әкетуді жүзеге асыруға негіз болған шарт (келісімшарт); тауарға ілеспе құжаттар.»; Қағидаларға 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; Қағидаларға 1-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын: «Қайта өңдеу өнімдерін әкету (әкелу) туралы міндеттемені табыс ету және оларды орындау қағидаларына 1-қосымша»; Қағидаларға 2-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын: «Қайта өңдеу өнімдерін әкету (әкелу) туралы міндеттемені табыс ету және оларды орындау қағидаларына 2-қосымша»; көрсетілген бұйрыққа 2 және 3-қосымшалар осы бұйрыққа 3 және 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы тармақтын 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәлеметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі
Басқа 1
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы «___» ___________№ ____ бұйрығына 1-қосымша Қайта өңдеу өнімдерін әкету (әкелу) туралы міндеттемені табыс ету және оны орындау қағидаларына 1-қосымша Ескерту: * жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда.
Басқа 2
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы «___» ___________№ ____ бұйрығына 2-қосымша Қайта өңдеу өнімдерін әкету (әкелу) туралы міндеттемені табыс ету және оны орындау қағидаларына 2-қосымша Ескерту: * жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда.
Басқа 3
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы «___» ___________№ ____ бұйрығына 3-қосымша Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 263 бұйрығына 2-қосымша Ескерту: * жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда.
Басқа 4
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы «___» ___________№ ____ бұйрығына 4-қосымша Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 263 бұйрығына 3-қосымша Ескерту: * жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда.