О внесении изменение в решение Бейнеуского районного маслихата от 23 ноября 2018 года № 27/226 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в Бейнеуском районе» Күшін жойған
Басқа 0
Бейнеу аудандық мәслихатының 2018 жылғы 23 қарашадағы № 27/226 «Бейнеу ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес, сонымен қатар «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Маңғыстау облысы әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы 4 маусымдағы № 05-14-1034 ұсынысының негізінде, Бейнеу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
Тармақ 1
1. «Бейнеу ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» Бейнеу аудандық мәслихатының 2018 жылғы 23 қарашадағы № 27/226 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3722 болып тіркелген, 2018 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:
1 қосымшада:
5 тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Бейнеу аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі және заңдылық пен құқық тәртібі мәселелері жөніндегі комиссиясына (Ш.Азанов) жүктелсін.
Тармақ 3
3. «Бейнеу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Ж.Оспанов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.