О внесении изменений в решение Бейнеуского районного маслихата от 23 ноября 2018 года № 27/226 «Об определении размера и порядка жилищной помощи в Бейнеуском районе» Күшін жойған
Басқа 0
Бейнеу аудандық мәслихатының 2018 жылғы 23 қарашасындағы № 27/226 «Бейнеу ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Бейнеу аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Бейнеу аудандық мәслихатының 2018 жылғы 23 қарашасындағы № 27/226 «Бейнеу ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3722 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
шешімнің 1 қосымшасында:
1 тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда жазылсын:
«Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысына шекті жол берілетін шығыстар үлесі 7 (жеті) пайыз мөлшерінде.»;
4 тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда жазылсын:
«Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде бір адамға 18 (он сегіз) шаршы метрден артық емес пайдалы алаң алынады, бірақ бір бөлмелі пәтерден немесе жатақханадағы бөлмеден кем емес аудан нормасы қабылданады.».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.