О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 23 февраля 2018 года № 273 «Об утверждении формы сведений о плательщиках сбора и объектах обложения» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Алымды төлеушілер және салық салу объектілері туралы мәліметтердің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 273 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Алымды төлеушілер және салық салу объектілері туралы мәліметтердің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 273 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16544 болып тіркелген, 2018 жылғы 19 наурызда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Алымды төлеушілер және салық салу объектілері туралы мәліметтер» нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық 2019 жылғы 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 0. Алымды төлеушілер және салық салу объектілері туралы мәліметтер
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қаржы министрінің 2019 жылғы «__» _______ № ___ бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы «23» ақпандағы № 273 бұйрығымен бекітілген нысан Мәліметті беруші уәкілетті мәмлекеттік органның немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның атауы _______________________________________________ Бизнес сәйкестендіру нөмірі _________________________ Алымды төлеушілер және салық салу объектілері туралы мәліметтер р/с № Олар­ды жү­зе­ге асы­ру ке­зін­де алым­дар­дың алуы қа­рас­ты­ры­л­ған, олар­дың мүд­де­ле­рін­де уәкі­лет­ті мем­ле­кет­тік ор­ган­да­ры әре­кет жа­сай­тын заң­ды тұ­лға­лар­дың, сон­дай-ақ заң­ды тұ­лға­лар­дың құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­ле­рі­нің ата­уы неме­се же­ке тұ­лға­лар­дың те­гі, аты, әке­сі­нің аты (ол болған кез­де) Биз­нес сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі / же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі (болған кез­де) Заң­ды ме­кен-жайы неме­се тұр­ғы­лық­ты ме­кен- жайы Тір­кеу әре­ке­ті­нің тү­рі және (неме­се) алым көз­дел­ген құ­жат­тың неме­се тел­нұс­қа­сы­ның тү­рі Алым став­ка­сы (ай­лық есеп­тiк көр­сет­кiш) Бюд­жет­ке ен­гізу­ге жа­та­тын алым со­ма­сы (тең­ге) Бюд­жет­ке ен­гі­зі­л­ген алым со­ма­сы (тең­ге) Алым­ның бюд­жет­ке тө­лен­ге­нін рас­тай­тын тө­лем құ­жа­ты­ның нө­мі­рі және кү­ні 1 2 3 4 5 6 7 8 9 ЖИЫ­НЫ: _______________________________________________________________­_­_­_­_­_­_­_­_­_ (Бі­рін­ші бас­шы­ның (оның мін­де­тін ат­қа­ру­шы адам­ның) неме­се уәкі­лет­ті мем­ле­кет­тік ор­ган­ның неме­се аза­мат­тық авиа­ция са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ұй­ым­ның оқ­ша­у­лан­ған бөлiм­ше­сi­нің бас­шы­сы­ның (оның мін­де­тін ат­қа­ру­шы адам­ның) те­гі, аты, әке­сі­нің аты (ол болған кез­де) _______________________________________________________________­_­_­_­_­_­_­_­_­_­ (Мә­лі­мет­тер­ді жа­са­у­ға жа­у­ап­ты ла­у­а­зым­ды тұл­ға­ның те­гі, аты, әке­сі­нің аты (ол болған кез­де) Мә­лі­мет­тер жа­сал­ған кү­ні 20__ жы­л­ғы «___»__________________ __________ (қо­лы) __________ (қо­лы)
Басқа 1. «Алымды төлеушілер және салық салу объектілері туралы мәліметтер» нысанын толтыру бойынша түсіндірме
«Алымды төлеушілер және салық салу объектілері туралы мәліметтер» нысанына қосымша «Алымды төлеушілер және салық салу объектілері туралы мәліметтер» нысанын толтыру бойынша түсіндірме
Тармақ 1
1. Нысан 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексi) 550-бабы 5-тармағына сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Нысанды мәліметтерді жасауға жауапты лауазымды тұлға толтырады.
Тармақ 3
3. Нысанға мәліметтерді беретін уәкілетті мемлекеттік органның немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның бірінші басшысы (оның міндетін атқарушы адам) немесе уәкілетті мемлекеттік органның немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның оқшауланған бөлiмшесiнің басшысы (оның міндетін атқарушы адам) және мәліметті жасауға жауапты лауазымды тұлға қол қояды.
Тармақ 4
4. «Уәкілетті мемлекеттік органның немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның атауы» деген жолда мәліметтерді табыс ететін уәкілетті мемлекеттік органның немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның атауы көрсетіледі.
Тармақ 5
5. «Бизнес сәйкестендіру нөмірі» деген жолда мәліметті табыс ететін уәкілетті мемлекеттік органның немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 6
6. 1-бағанда реті бойынша нөмірі көрсетіледі. Кейінгі мәлімет реті бойынша нөмірлеуді үзбеуі тиіс.
Тармақ 7
7. 2-бағанда оларды жүзеге асыру кезінде алымдардың алуы қарастырылған, олардың мүдделерінде уәкілетті мемлекеттік органдар немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның әрекет жасайтын заңды тұлғалардың, сондай-ақ заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелерінің толық атауы немесе жеке тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі.
Тармақ 8
8. 3-бағанда 2-бағандағы көрсетілген заңды тұлғаның (жеке тұлғаның) бизнес-сәйкестендіру нөмірі (жеке сәйкестендіру нөмірі) көрсетіледі, ол болған кезде. Егер 2-бағанда көрсетілген тұлға Қазақстан Республикасының резиденті болып табылған жағдайда 3-баған толтырылуға міндетті.
Тармақ 9
9. 4-бағанда 2-бағанда қөрсетілген заңды тұлғаның мекен-жайы немесе тұлғаның тұрғылықты мекен-жайы, облыс, қала, көше, үйдің, пәтердін нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 10
10. 5-бағанда Салық кодексінің 553 және 554-баптарына сәйкес тіркелу әрекетінің және (немесе) алым көзделген құжаттың немесе құжаттың телнұсқасының түрі көрсетіледі.
Тармақ 11
11. 6-бағанда республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштің мөлшерінен шыға отырып, Салық кодексінің 553 және 554-баптарына сәйкес алымдарды төлеу күнiне қолданылатын алым мөлшерлемесі көрсетіледі. Уәкілетті мемлекеттік органның немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ведомстволық ақпараттық жүйесінде, осындай ақпараттық жүйелерді пайдалану арқылы мәліметтерді қалыптастыру кезінде аталған көрсеткіш болмаған жағдайда бұл бағанды толтыру міндетті болып табылмайды.
Тармақ 12
12. 7-бағанда бюджетке теңгемен төленуге жататын алым сомасы көрсетіледі.
Тармақ 13
13. 8-бағанда бюджетке теңгемен төленген алымның сомасы көрсетіледі.
Тармақ 14
14. 9-бағанда бюджетке алымның төленгенін растайтын төлем құжатының нөмірі және күні көрсетіледі.