О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 23 февраля 2018 года № 278 «Об утверждении формы сведений по обменным пунктам уполномоченных организаций, имеющих лицензию на осуществление деятельности по организации обменных операций с наличной иностранной валютой» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қолма-қол шетелдік валютамен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттері жөніндегі мәліметтер нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 278 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қолма-қол шетелдік валютамен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттері жөніндегі мәліметтер нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 278 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16570 болып тіркелген, 2018 жылғы 27 наурызда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «Қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетелдік валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалардың айырбастау пункттері жөніндегі мәліметтер нысанын бекіту туралы»; 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетелдік валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалардың айырбастау пункттері жөніндегі мәліметтер нысаны бекітілсін»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетелдік валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалардың айырбастау пункттері жөніндегі мәліметтер нысаны, осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары-Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2019 жылғы «____»_______ бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 278 бұйрығымен Бекітілген нысан № Уәкі­лет­ті ұй­ым­ның ата­уы Биз­нес сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі Уәкі­лет­ті ұй­ым­ның ор­на­лас­қан же­рі Қол­ма-қол ше­тел­дік ва­лю­та­мен ай­ыр­ба­стау опе­ра­ци­я­ла­ры­на ар­нал­ған ли­цен­зия бой­ын­ша де­ректер (бұ­дан әрі – ли­цен­зия) Ли­цен­зи­я­ның нө­мі­рі және бе­рі­л­ген кү­ні Қай­та ре­сім­дел­ген ли­цен­зи­я­ның кү­ні, нө­мі­рі Ли­цен­зи­я­ның тоқ­та­ты­л­ған кү­ні Ли­цен­зи­я­ны тоқ­та­ту ке­зе­ңі­нің аяқ­тал­ған кү­ні Ли­цен­зи­я­ны ерік­ті қай­та­ру кү­ні Ли­цен­зи­ядан ай­ы­ру (ке­рі қай­та­ру) кү­ні 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Кестенің жалғасы Ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­лар бой­ын­ша де­ректер Нө­мі­рі және бе­рі­л­ген кү­ні Ағым­дық мәр­те­бе­сі Ай­ыр­ба­стау пунк­ті­нің жа­бы­л­ған кү­ні Уәкі­лет­ті ұй­ым­ның фи­ли­а­лы* Ай­ыр­ба­стау пунк­ті­нің ор­на­лас­қан же­рі (ме­кен-жайы) 11 12 13 14 15 ________________________________________________ (Бірінші басшының не орынбасарының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)) ________________________________________________ (Мәліметті жасауға жауапты тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)) Мәліметтердің жасалған күні 20__ жылғы «___» _________ _________ (қолы) _________ (қолы) Ескертпе: * уәкілетті ұйымның орналасқан жерінің өңірінен тыс қосымша айырбастау пунктін ашу кезінде көрсетіледі. «Қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетелдік валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалардың айырбастау пункттері жөніндегі мәліметтер» нысанын толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.
Басқа 1
«Қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетелдік валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалардың айырбастау пункттері жөніндегі мәліметтер» нысанына қосымша
Тармақ 1
1. «Қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетелдік валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалардың айырбастау пункттері жөніндегі мәліметтер» нысаны (бұдан әрі – Нысан) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 26-бабы 11-тармағына сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Нысан өсу қорытындысымен есепті тоқсанның соңғы күніне толтырылады және тоқсаннан кейінгі айдың 25-і күнінен кешіктірмейтін мерзімде тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мемлекеттік кірістер органдарына ұсынады.
Тармақ 3
3. Нысанды мәліметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарының жауапты лауазымды тұлға толтырады.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарының бірінші басшы не орынбасары, мәліметті жасауға жауапты лауазымды тұлға нысанға қол қояды және мөрмен бекітеді.
Тармақ 5
5. «№» деген 1-бағанда нөмір ретімен көрсетіледі. Келесі ақпарат реті бойынша нөмірленеді.
Тармақ 6
6. «Уәкілетті ұйымның атауы» деген 2-бағанда, қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетелдік валютасы және оған қосымшасы (қосымшалары) бар айырбастау операцияларын ұйымдастыру бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлғаның толық атауы көрсетіледі, онда уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункті (айырбастау пункттері) көрсетіледі.
Тармақ 7
7. «Бизнес сәйкестендіру нөмірі» деген 3-бағанда 2-бағанда көрсетілген уәкілетті ұйымның бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 8
8. «Уәкілетті ұйымның орналасқан жері» деген 4-бағанда 2-бағанда көрсетілген уәкілетті ұйымның заңды мекенжайы (пошта индексі, облысы, қала, аудан, елді мекен, көшенің атауы, үйдің/ғимараттың нөмірі (стационарлық үй-жай), сондай-ақ қабат, сектор, блок және басқа (ол болған кезде)) көрсетіледі.
Тармақ 9
9. «Лицензияның нөмірі және берілген күні» деген 5-бағанда лицензияның нөмірі және берілген күні көрсетіледі.
Тармақ 10
10. «Қайта ресімделген лицензияның күні, нөмірі» деген 6-бағанда қайта ресімделген лицензияның күні, нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 11
11. «Лицензияның тоқтатылған күні» деген 7-бағанда лицензияны тоқтата тұру кезеңінің басталған күні көрсетіледі.
Тармақ 12
12. «Лицензияны тоқтату кезеңінің аяқталу күні» деген 8-бағанда лицензияны тоқтата тұру кезеңінің аяқталу күні көрсетіледі.
Тармақ 13
13. «Лицензияны ерікті қайтару күні» деген 9-бағанда лицензияның ерікті қайтару күні көрсетіледі.
Тармақ 14
14. «Лицензиядан айыру (кері қайтару) күні» деген 10-бағанда лицензиядан айыру немесе кері қайтару күні көрсетіледі.
Тармақ 15
15. «Нөмірі және берілген күні» деген 11-бағанда уәкілетті ұйымның айырбастау пунктінің лицензиясына қосымшаның нөмірі мен күні көрсетіледі.
Тармақ 16
16. «Ағымдық мәртебесі» деген 12-бағанда лицензияға қосымшаның мәртебесі – берілгені, қайта ресімделгені, ерікті қайтарылғаны, тоқтатылғаны, айырылғаны (кері қайтарып алынғаны) көрсетіледі.
Тармақ 17
17. «Айырбастау пунктінің жабылған күні» деген 13-бағанда айырбастау пунктінің жабылған күні көрсетіледі.
Тармақ 18
18. «Уәкілетті ұйымның филиалы» деген 14-бағанда уәкілетті ұйымның орналасқан жерінің өңірінен тыс қосымша айырбастау пунктін ашу кезінде уәкілетті ұйымы филиалының атауы көрсетіледі.
Тармақ 19
19. «Айырбастау пунктінің орналасқан жері» деген 15-бағанда айырбастау пунктінің орналасқан мекен-жайы (облысы, қала, аудан, көше, үй, қабат, сектор, блок) көрсетіледі.