О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 23 февраля 2018 года № 287 «Об утверждении Правил планирования и реализации институциональных проектов, реализуемых за счет привлечения государственных займов» Күшін жойған
Басқа 0
«Мемлекеттік қарыздар тарту есебінен іске асырылатын институционалдық жобаларды жоспарлау және іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 287 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Мемлекеттік қарыздар тарту есебінен іске асырылатын институционалдық жобаларды жоспарлау және іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 287 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16568 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексi 206-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік қарыздар тарту есебінен іске асырылатын институционалдық жобаларды жоспарлау және іске асыру қағидаларында:
4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) ұлттық жобаларда және (немесе) үкіметтік бағдарламаларда институционалдық жобалардың болуы;»;
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«25. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган институционалдық жобаның ҚЭҚ-ын институционалдық жобаның Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкестігі тұрғысынан 30 (отыз) жұмыс күні ішінде қарайды.»;
27-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның институционалдық жобаның Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкестігі тұрғысынан келісу-хаты;»;
30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«30. Институционалдық жобаларды іріктеуді және республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығаруды бюджеттік бағдарламалар әкімшісі Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 66-бабында көрсетілген құжаттарды, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның есептер мен қаржыландыру көлемінің негізділігі тұрғысынан келісу-хатын және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның институционалдық жобаның Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкестігі тұрғысынан келісу-хатын ұсынған кезде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.»;
31-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның институционалдық жобаның Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкестігі тұрғысынан келісу-хаты;»;
50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«50. Мемлекеттік сыртқы қарыздар мен республикалық бюджеттен бірлесіп қаржыландыру бойынша есептілікті ұсыну Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 206-бабы 2-1-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.»;
52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«52. Институционалдық жобаларды қаржыландыруға бағытталған бюджеттік бағдарламаның тікелей және түпкілікті нәтижелерінің көрсеткіштері, сондай-ақ тиісті мемлекеттік органның мемлекеттік органның даму жоспарында көрсетілген мақсатты индикаторлары институционалдық жобаның ҚЭҚ-да көрсетілген нәтижелерге және жобаны дамытудың мақсаттарына қол жеткізу индикаторларына сәйкес болуы тиіс.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік қарыз алу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі