О внесении изменений в постановление акимата города Темиртау от 23 августа 2018 года № 36/2 «О некоторых вопросах реализации и защиты прав инвалидов» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.07.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Теміртау қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 23 тамыздағы №36/2 «Мүгедектердің құқықтарын іске асыру және қорғаудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Теміртау қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 23 тамыздағы №36/2 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4942 болып тіркелді) келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда мазмұндалсын: «Мүгедек адамдардың құқықтарын іске асыру және қорғаудың кейбір мәселелері туралы»; қаулының 1 тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын: «1. Теміртау қаласындағы инватакси қызметтерін алушылардың санаттарын және инватакси қызметін ұсыну үшін объектілер мен межелі орындар тізбесін қызметтерді алушылардың келесі санаттарымен және объектілер, межелі орындар тізбесімен кеңейту: 1) Инватакси қызметін алушылардың санаттары: қозғалысында қиындық көретін 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар; аяқтарында ампутация тұқылдары бар 2 топ мүгедектігі бар адамдар; жүріс арба көмегімен жүретін 2 топ мүгедектігі бар адамдар; психоневрологиялық аурулары бар мүгедек балалар; аутистік спектрдің бұзылуы бар мүгедек балалар. 2) Объектілер мен межелі орындардың тізбесі: «Қарағанды облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; Қарағанды қаласының медициналық мекемелері (жедел (шұғыл) медициналық көмек көрсету жағдайларын қоспағанда); Қарағанды қаласының әуежайы және теміржол вокзалдары; Қарағанды қаласының арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдары.».
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Теміртау қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.