О внесении изменения в приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан - Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 23 февраля 2018 года № 86 «Об утверждении перечня специализированной сельскохозяйственной техники, по которым юридические лица - производители сельскохозяйственной продукции, продукции аквакультуры (рыбоводства), а также глава и (или) члены крестьянского или фермерского хозяйства по используемой в процессе собственного производства сельскохозяйственной продукции Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалығының басшысы және (немесе) мүшелері өз өндірісі процесінде пайдаланылатын ауыл шаруашылығы өнімі бойынша көлік құралдарына салық төлеуші болып табылмайтын мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникалары тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 86 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
«Ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалығының басшысы және (немесе) мүшелері өз өндірісі процесінде пайдаланылатын ауыл шаруашылығы өнімі бойынша көлік құралдарына салық төлеуші болып табылмайтын мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникалары тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 86 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16607 болып тіркелген, 2018 жылы 27 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалығының басшысы және (немесе) мүшелері өз өндірісі процесінде пайдаланылатын ауыл шаруашылығы өнімі бойынша көлік құралдарына салық төлеуші болып табылмайтын мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникалары тізбесінде: 15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «15. Тракторлар, өздігінен жүретiн шассилер және мобильді энергетикалық құралдар.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі