О внесении изменений в решение маслихата города Нур-Султан от 23 августа 2019 года № 418/54-VI «Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов в городе Нур-Султан» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Нұр-Сұлтан қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2019 жылғы 23 тамыздағы № 418/54-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Нұр-Сұлтан қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2019 жылғы 23 тамыздағы № 418/54-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1244 тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін: жоғарыда көрсетілген шешімінің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Астана қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы»; жоғарыда көрсетілген шешімінің 1-тармағында: 1) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «1) Астана қаласының әкімдігіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындарда қызмет ететін:»; 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «2) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Астана қаласының Полиция департаменті» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне;»; 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «3) «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне;»; 4) тармақшаның бесінші және алтыншы абзацтары мынадай редакцияда жазылсын: «бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар; мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылары;».
Тармақ 2
2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.