О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 23 сентября 2020 года № ҚР ДСМ-108/2020 «Об утверждении перечня социально значимых заболеваний» Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Әлеуметтік мәні бар аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-108/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Әлеуметтік мәні бар аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-108/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21263 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 1-бабы 1-тармағының 158) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік мәні бар аурулардың тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1 және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
Басқа 0. Әлеуметтік мәні бар аурулардың тізбесі
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі 2025 жылғы 21 қазандағы № 112 Бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қырқүйектегі № ҚР ДСМ-108/2020 бұйрығына қосымша Әлеуметтік мәні бар аурулардың тізбесі № Аурулары 10-қайта қаралымдағы аурулардың халықаралық жіктемесінің кодтары 1. Туберкулез A15-A19 2. Адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ) тудыратын ауру B20-B24 3. Созылмалы вирусты гепатиттер және бауыр циррозы В18.0, В18.1, В18.2, В18.8, В19, К74 4. Қатерлі ісіктер С00-C97; D00- D 09; D37- D48 5. Психикалық және мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) F00-F99 6. Жіті миокард инфаркті (алғашқы 6 айда) I21, I22 7. Орфандық аурулар В55, D56, D56.0-D56.2, D56.4, D57, D57.0-D57.2, D59.5, D61.9, D69.3, D76.0, D80-D84, Е53.1, E74.0, E75.2, E76.0-E76.2, E80.2, E83.0, Е84.8, E85.0, Е88.0, G12.2, G35, G40.4, G93.4, J84, J84.0, J84.1, J84.8, J84.9, I27.0, K50, K51, L10, L13.0, M08.2, М30.3, М31.3, M31.4, М31.8, М32.1, М33, М33.2, M35.2, Q78.0, Q80, Q81 8. Нерв жүйесінің дегенеративті аурулары G30-G32 9. Орталық нерв жүйесінің демиелиндену аурулары G35-G37 10. Эпилепсия G40 11. Ми тамырларының аурулары (инсульттер) (бір жыл ішінде) I60-I64