О внесении изменений в постановление акимата Махамбетского района от 23 июня 2020 года № 138 «Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры и спорта являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности» Күшін жойған
Басқа 0
«Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» Махамбет аудандық әкімдігінің 2020 жылғы 23 маусымдағы № 138 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» Махамбет аудандық әкімдігінің 2020 жылғы 23 маусымдағы № 138 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4683 болып тіркелген) мынандай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.»;
аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Махамбет аудандық мәслихаты
Басқа 4. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
Махамбет аудандық әкімдігінің
2022 жылғы 1 ақпандағы
№ 33 қаулысына қосымша
Махамбет аудандық әкімдігінің
2020 жылғы 23 маусымдағы
№ 138 қаулысына қосымша
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
Тармақ 1
1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдары:
Тармақша 1
1) аудандық Халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы және аудандық жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның (күндіз болу бөлімшесі) басшысы;
Тармақша 2
2) аудандық Халықты жұмыспен қамту орталығы басшысының орынбасары және аудандық жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның (күндіз болу бөлімшесі) басшысының орынбасары;
Тармақша 3
3) барлық мамандықтағы дәрігерлер;
Тармақша 4
4) мейіргер;
Тармақша 5
5) логопед;
Тармақша 6
6) психолог;
Тармақша 7
7) әдіскер;
Тармақша 8
8) халықты жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы;
Тармақша 9
9) мәдени ұйымдастырушы (бұқаралық жұмыс жөніндегі ұйымдастырушы);
Тармақша 10
10) халықты жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанты;
Тармақша 11
11) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;
Тармақша 12
12) қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
Тармақша 13
13) әлеуметтік жұмыс жөніндегі ассистент;
Тармақша 14
14) емдік денешынықтыру жөніндегі маман;
Тармақша 15
15) ассистент.
Тармақ 2
2. Мәдениет саласындағы мамандар лауазымдары:
Тармақша 1
1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы;
Тармақша 2
2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;
Тармақша 3
3) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның кітапхана меңгерушісі (басшысы);
Тармақша 4
4) аккомпаниатор;
Тармақша 5
5) аккомпаниатор-концертмейстр;
Тармақша 6
6) барлық атаудағы әртістері;
Тармақша 7
7) библиограф;
Тармақша 8
8) кітапханашы;
Тармақша 9
9) дирижер;
Тармақша 10
10) дыбыс режиссері;
Тармақша 11
11) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);
Тармақша 12
12) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);
Тармақша 13
13) музыкалық жетекші;
Тармақша 14
14) продюсер;
Тармақша 15
15) редактор (негізгі қызметтер);
Тармақша 16
16) режиссер;
Тармақша 17
17) қоюшы режиссер;
Тармақша 18
18) вокал бойынша үйретуші;
Тармақша 19
19) хореограф;
Тармақша 20
20) хормейстер;
Тармақша 21
21) барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер).