О внесении изменений в решение Абайского районного маслихата от 23 июня 2020 года № 49/7-VІ «Об оказании социальной поддержки специалистам государственных организаций, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Абайского района» Күшін жойған
Басқа 0
Абай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 маусымдағы № 49/7-VІ «Абай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Абай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Абай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету туралы» Абай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 маусымдағы № 49/7-VІ шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7260 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына және Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабы 5, 9 - тармақтарына сәйкес»;
3 тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.