О внесении изменений в решение Абайского районного маслихата от 23 июня 2020 года № 49/7-VI «Об оказании социальной поддержки специалистам государственных организаций, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Абайского района» Күшін жойған
Басқа 0
Абай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 маусымдағы № 49/7-VI «Абай ауданының ауылдық елді мекендерінде
тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың
мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Абай ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Абай аудандық мәслихатының «Абай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету туралы» 2020 жылғы 23 маусымдағы № 49/7-VI (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7260 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Абай ауданында коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасы мен мөлшерін бекіту туралы»;
1 тармақ жаңа редакциада жазылсын:
«1. Абай ауданында коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасы мен мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.»;
2, 3- тармақтары алынып тасталсын;
аталған шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа реакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Абай ауданында коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидасы мен мөлшері
Абай аудандық мәслихатының
2023 жылғы 4 шілдедегі
№ 4/9-VIII шешіміне
қосымша
Абай аудандық мәслихатының
2020 жылғы 23 маусымдағы
№ 49/7-VI шешіміне
қосымша
Абай ауданында коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидасы мен мөлшері
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қағида «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Абай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындайды.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік қолдауды тағайындау уәкілетті орган – « Абай облысы Абай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі және мөлшері
2. Әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі және мөлшері
Тармақ 3
3. Абай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алуға, алушылардан өтініштерін талап етпей, мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшыларымен бекітілген жинақ тізім негізінде, екінші деңгейлі банктер арқылы әлеуметтік қолдау көрсетіледі.
Тармақ 4
4. Әлеуметтік қолдау Абай ауданы аумағындағы ауылдық елді мекендерде тұрақты тұратын және жұмыс істейтін тұлғаларға көрсетіледі.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік қолдау жылына бір рет бюджет қаражаты есебінен 11,197 (он бір бүтін жүз тоқсан жеті) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.