О внесении изменения в решение Урджарского районного маслихата от 23 сентября 2020 года № 54-676/VI «Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по Урджарскому району» Күшін жойған
Басқа 0
Үржар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 қыркүйектегі
№ 54-676/VI «Үржар ауданы бойынша тұратын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Үржар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № 54-676/VI «Үржар ауданы бойынша тұратын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7623 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Үржар ауданы бойынша тұрғын үй сертификатының мөлшері қарыз сомасынан 10 %, алайда әлеуметтік көмек түрі ретінде 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес айқындалсын.».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.