О внесении изменения в решение Урджарского районного маслихата от 23 сентября 2020 года № 54-676/VI «Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по Урджарскому району» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.04.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Үржар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № 54-676/VI «Үржар ауданы бойынша тұратын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Үржар аудандық мәслихатының «Үржар ауданы бойынша тұратын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № 54-676/VI шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7623 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: 2 тармақтың 2) тармақшасының екінші абзацы келесі редакцияда жазылсын: «мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.